Евразия24ЖаңалықтарТрамп енгізген жаңа баж салығы 7 тамызда күшіне енеді

Трамп енгізген жаңа баж салығы 7 тамызда күшіне енеді

|

|

Вашингтон. 1 тамыз. INTERFAX – АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар елдерге қатысты енгізген жаңа кедендік баж салығы 7 тамыз, бейсенбі күні күшіне енеді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, бастапқыда жаңа тарифтік режим 1 тамызда күшіне енеді деп жоспарланған. Алайда, кеден және шекара қызметіне өзгерістерді енгізу үшін қосымша уақыт қажет болғандықтан, бұл мерзім 7 тамызға шегерілді.

Бейсенбі күні кешке Трамп 68 мемлекет пен Еуропалық одаққа қатысты жаңа тарифтерді бекіткен жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, мысалы, Швейцариядан келетін импорттық тауарларға баж салығы 31 пайыздан 39 пайызға дейін ұлғайтылады. Ал Лихтенштейн үшін бұл көрсеткіш, керісінше, 37 пайыздан 15 пайызға дейін төмендетілді.

Аталған жарлықта Трамп Еуропалық одақ, Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Филиппин сынды негізгі сауда серіктестерімен жасалған келісімдерді заңдық тұрғыдан бекітті.

Жарлықта аталған мемлекеттерден бөлек елдер үшін базалық баж мөлшерлемесі 10 пайыз көлемінде белгіленген.

Айта кетейік, 9 сәуірде Трамп 75-тен астам елмен диалог жүргізу туралы өтініштерге байланысты импорттық баж салығын арттыру жөніндегі шешімнің орындалуын 90 күнге тоқтатқан еді. Бұл мерзім 9 шілдеге дейін белгіленіп, кейін 1 тамызға дейін ұзартылған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Пикакс тауындағы жерасты нысанының қорғанысын күшейтіп жатыр

Иран Пикакс тауының астындағы ядролық бағдарламамен байланыстырылатын нысанның кіреберістерін қосымша бекіте бастаған. Вашингтондағы Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институты (ISI) 11 қыркүйекте түсірілген спутниктік суреттерді зерттеп, осындай қорытындыға келді.

SpaceX 28 қыркүйекте Starship-ті алғаш рет Жер орбитасына ұшырады

Ай мен Марсқа адам ұшыру үшін жасалып жатқан Starship ғарыш кемесі 28 қыркүйекте алғаш рет Жер орбитасына шығады. SpaceX мәліметінше, бұл жолы кеме бұған дейінгі сынақтардағыдай суборбиталық бағытпен шектелмей, Жерді толық айналып ұшады.

Азия қор нарықтарының басым бөлігі өсіп жатыр

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі жоғарылап келеді. Австралия нарығында ғана аздаған төмендеу байқалды.

Еурокомиссия Украинаға дрондар мен зымырандар сатып алуға 3,3 млрд еуро бөледі

Еуропалық комиссия Украинаға қару-жарақ сатып алуға 3,3 млрд еуро аударатынын мәлімдеді. Қаражат Украинаға қолдау көрсетуге арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасы аясында жұма күні Киевке беріледі.