Евразия24Жаңалықтар2025 жылы Қазақстанның теңіз порттары арқылы 8 млн тонна жүк өткізілді

2025 жылы Қазақстанның теңіз порттары арқылы 8 млн тонна жүк өткізілді

|

|

Астана. 3 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның теңіз порттары арқылы жүк ауыстырып тиеу көлемі 8 млн тоннаға жетті. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақаласында мәлімдеді.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша порттар арқылы жүк өткізу көлемі 8 млн тоннаға дейін өсті. Контейнерлік тасымалдар 90 мың бірліктен асты. Салыстыру үшін айтсақ, 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 60 мың контейнер болған», – деп жазды Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, теңіз порттарының жиынтық өткізу қабілеті қазір 22 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде Ақтау порты арқылы шамамен 15 млн тонна, ал Құрық порты арқылы 7 млн тонна жүк өткізу мүмкіндігі бар.

Бұған дейін 2024 жылдың 10 айында Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданғаны хабарланған еді.

Ақтау теңіз порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан және түрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық бағытта тасымалдауға арналған.

Құрық порты Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойында, Ақтау қаласынан 90 шақырым жерде орналасқан. Порт құрамында теміржол және автокөлік айлақтары бар паром кешені жұмыс істейді. Ол астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, химиялық өнімдер және өзге де жүктерді ауыстырып тиеуге бейімделген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда 2026 жылы алты жаңа ақылы жол іске қосылады

Биыл Қазақстанда алты жаңа ақылы жол учаскесін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді.

Қазақстанда автожол сапасын бақылауға жасанды интеллект енгізіледі

Премьер-Министр Олжас Бектенов автожолдардың сапасын бақылау жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізуді тапсырды.

Қазақстан Каспий теңізіндегі кеме қатынасына Ирандағы әскери қақтығыс әсер етпегенін мәлімдеді

Таяу Шығыстағы, соның ішінде Иран аумағындағы әскери қақтығыс Каспий теңізі акваториясындағы кеме қатынасына кері ықпал еткен жоқ.

Қазақстанда жыл басынан бері қылмыс деңгейі 8%-ға төмендеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің елдегі криминогендік ахуал және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі есебін тыңдады.