Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Бразилиядан әкелінетін тауарларға 40 пайыздық қосымша баж салығын енгізді

АҚШ Бразилиядан әкелінетін тауарларға 40 пайыздық қосымша баж салығын енгізді

|

|

Вашингтон. 30 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Бразилиядан импортталатын бірқатар тауарларға 40% мөлшерінде қосымша баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мен Бразилиядан әкелінетін кейбір тауарларға қосымша 40 пайыздық баж салығын енгізу қажет деп есептеймін», – делінген Трамптың жарлығында.

АҚШ президентінің пікірінше, Бразилия үкіметінің іс-қимылы ұлттық қауіпсіздікке, сыртқы саясатқа және АҚШ экономикасына айрықша әрі төтенше қауіп төндіреді. Осыған байланысты елде «ұлттық төтенше жағдай» режимі жарияланды.

Жарлықта баж салығы қолданылмайтын тауарлар тізімі және жаңа шаралардың күшіне ену тәртібі көрсетілген.

Трамп бұл шешімді, Бразилияның бұрынғы президент Жаир Болсонаруға қатысты басталған сот істеріне байланысты қабылдағанын айтты. Ол Болсонаруды өзінің саяси одақтасы деп санайды және бұған дейін қазіргі билік оған қатысты істерді тоқтатпаса, жауап ретінде шаралар қабылданатынын ескерткен болатын.

Еске салайық, биыл сәуірде Трамп 75-тен астам елмен жүргізіліп жатқан келіссөздер аясында импорттық баж салығын арттыру шешімін 90 күнге кейінге қалдырған. Бұл кезеңде аталған елдер үшін 10% көлеміндегі жеңілдетілген баж мөлшерлемесі қолданылған болатын.

Батыс ақпарат құралдарының мәліметінше, енді жаңа шараларды есепке алғанда, Бразилиядан келетін кейбір тауарларға жалпы баж мөлшерлемесі 50%-ға жетуі мүмкін.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...