Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Еуроодақ елдеріне Ресей энергиясынан және ядролық технологиялардан толық бас тартуды ұсынды

АҚШ Еуроодақ елдеріне Ресей энергиясынан және ядролық технологиялардан толық бас тартуды ұсынды

|

|

Брюссель. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – АҚШ Еуропалық Одаққа Ресейден энергия тасымалдауды толық тоқтатуды, Венгрия және Словакия тарапынан орын алған қарсылықтарды елемей, бұл салада біржақты шешім қабылдауды ұсынады, деп жазады Politico басылымы.
«Ресейлік газды толығымен алмастырғымыз келеді», — деді АҚШ-тың энергетика министрі Крис Райт Брюссельде өткен жиында. Оның айтуынша, АҚШ пен ЕО елдері Украинадағы қақтығысты аяқтап, бейбітшілік орнатуға мүдделі.
Сондай-ақ, Венгрия мен Словакия Ресей газынан біртіндеп бас тарту бастамасына қарсылық білдіруде, алайда министр олар Мәскеумен ынтымақтастықты тоқтатуы керек деген пікірде.
Politico мәліметі бойынша, Райт Еуропа басшыларыұымен Американың сұйытылған табиғи газының импорты мен Ресейге қаржылық қолдаудың тоқтатылуын талқылады. Еуропа Ресейден емес, одақтастарынан энергия алуға мүдделі болуы тиіс.
Министр сонымен қатар, еуропалық мемлекеттерді Ресейдің атом энергетикасы орнына баламаларды қарастыруға шақырды. «АҚШ пен ЕО ішінде өндірілген ядролық технологияларды көргіміз келеді», — деді ол.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Франция премьер-министрі студент жастардың наразылығына байланысты дағдарысқа қарсы кеңес өткізді

Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню елдегі лицей оқушыларының наразылығы университеттерге де таралуына байланысты бейсенбі күні ведомствоаралық дағдарысқа қарсы штабтың отырысын өткізуде, деп хабарлайды BFMTV.

Эфиопия астанасында бірнеше жарылыс болды

Бейсенбіге қараған түні Эфиопия астанасы Аддис-Абебада бірнеше жарылыс болды. Бұған дейін бірнеше сағат бұрын қауіпсіздік қызметтері қала мен оның маңында дрон пайдалануға тыйым салған еді, деп хабарлайды Associated Press (AP) дереккөздерге сүйеніп.

АҚШ MOL мен «Газпром нефть» арасындағы NIS жөніндегі келіссөздер мерзімін ұзартты

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) венгриялық MOL компаниясына «Газпром нефть» құрамындағы сербиялық NIS компаниясын сатып алу жөніндегі келіссөздерді жалғастыруға берілген лицензияның мерзімін 30 қазанға дейін ұзартты. Бұл туралы MOL хабарлады.

Астана мен Минск сауда мен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны және көлік-транзит саласындағы ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі.