Евразия24ЖаңалықтарАҚШ ФРЖ төрағалығына бес үміткер қарастырылуда

АҚШ ФРЖ төрағалығына бес үміткер қарастырылуда

|

|

Мәскеу. 27 қазан. ИНИЕРФАКС — АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) келесі төрағасы лауазымына ұсынылатын бес үміткердің есімін растады. Бұл тізім бұған дейін халықаралық БАҚ-та жарияланған еді.

Бессенттің айтуынша, алғашқы сұхбат кезеңінен өткен үміткерлер қатарында ФРЖ Басқарушылар кеңесінің екі мүшесі — Мишель Боуман мен Кристофер Уоллер, Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Кевин Хассетт, сондай-ақ Джордж Буш әкімшілігінде қызмет атқарған, кейін ФРЖ басшылығына кірген Кевин Уорш бар.
Тізімде сондай-ақ BlackRock Inc. компаниясының тұрақты кіріс активтері жөніндегі бас инвестициялық директоры Рик Ридер қалған.

Бұған дейін үміткерлер саны 11 адам болса, алғашқы іріктеуден кейін ол беске дейін қысқарған.

Скотт Бессент дүйсенбі күні журналистерге берген сұхбатында тағы бір кезеңдік әңгімелесу өткізіп, Алғыс айту күнінен кейін АҚШ президенті Дональд Трамптың қарауына лайықты кандидаттар тізімін ұсынуға ниетті екенін айтты.

Ал Дональд Трамптың өзі ФРЖ-ның жаңа төрағасын осы жылдың соңына дейін таңдайтынын мәлімдеді. Ол Бессенттің үміткерлер қатарында жоқ екенін де растады.

Қазіргі ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдың өкілеттік мерзімі 2026 жылдың мамыр айында аяқталады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.