Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Тынық мұхитында есірткі тасымалдаған кемелерге соққы жасады: сегіз адам қаза тапты

АҚШ Тынық мұхитында есірткі тасымалдаған кемелерге соққы жасады: сегіз адам қаза тапты

|

|

Вашингтон. 16 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – АҚШ қарулы күштері Тынық мұхитының шығыс бөлігінде есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген үш кемеге соққы беріп, салдарынан сегіз адам қаза тапты.

АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы таратқан мәлімдемеге сәйкес, 15 желтоқсан күні қорғаныс министрі Пит Хегсеттің тапсырмасы бойынша халықаралық суларда “Southern Spear” бірлескен жедел тобы террористік ұйымдарға тиесілі деп танылған үш кемеге қарулы соққы жасаған.

Аталған кемелер барлау мәліметтері бойынша, Тынық мұхитының шығыс бөлігіндегі белгілі есірткі тасымалдау бағыттарымен жүріп, заңсыз есірткі айналымына қатысы болған. Операция барысында барлығы сегіз ер адам қаза тапқаны хабарланды.

Осыған дейін 4 желтоқсан күні де АҚШ әскери күштері Тынық мұхитының шығыс бөлігінде есірткі тасымалдады деген тағы бір кемеге шабуыл жасап, төрт адам көз жұмған болатын.

Жалпы алғанда, АҚШ қыркүйек айынан бері Тынық мұхиты мен Кариб теңізінде есірткі тасымалдауға қатысы бар деп күдікке ілінген 23 кемеге соққы жасаған.

Бұған дейін америкалық БАҚ-тар АҚШ президенті Дональд Трамп әскерилерге Латын Америкасы аумағында орналасқан есірткі картельдеріне қарсы соққы жасау туралы құпия бұйрық бергенін хабарлаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.