Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Тынық мұхитында есірткі тасымалдаған кемелерге соққы жасады: сегіз адам қаза тапты

АҚШ Тынық мұхитында есірткі тасымалдаған кемелерге соққы жасады: сегіз адам қаза тапты

|

|

Вашингтон. 16 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – АҚШ қарулы күштері Тынық мұхитының шығыс бөлігінде есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген үш кемеге соққы беріп, салдарынан сегіз адам қаза тапты.

АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы таратқан мәлімдемеге сәйкес, 15 желтоқсан күні қорғаныс министрі Пит Хегсеттің тапсырмасы бойынша халықаралық суларда “Southern Spear” бірлескен жедел тобы террористік ұйымдарға тиесілі деп танылған үш кемеге қарулы соққы жасаған.

Аталған кемелер барлау мәліметтері бойынша, Тынық мұхитының шығыс бөлігіндегі белгілі есірткі тасымалдау бағыттарымен жүріп, заңсыз есірткі айналымына қатысы болған. Операция барысында барлығы сегіз ер адам қаза тапқаны хабарланды.

Осыған дейін 4 желтоқсан күні де АҚШ әскери күштері Тынық мұхитының шығыс бөлігінде есірткі тасымалдады деген тағы бір кемеге шабуыл жасап, төрт адам көз жұмған болатын.

Жалпы алғанда, АҚШ қыркүйек айынан бері Тынық мұхиты мен Кариб теңізінде есірткі тасымалдауға қатысы бар деп күдікке ілінген 23 кемеге соққы жасаған.

Бұған дейін америкалық БАҚ-тар АҚШ президенті Дональд Трамп әскерилерге Латын Америкасы аумағында орналасқан есірткі картельдеріне қарсы соққы жасау туралы құпия бұйрық бергенін хабарлаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын тексеру және өңіраралық тасымалдауда карантиндік сертификат талап ету қайта енгізілмек

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешендегі бұрын тоқтатылған бақылау шараларын қайта енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, өңіраралық тасымалдау кезінде карантиндік сертификаттың міндетті болуы және астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын тексеру қайта қолданысқа енгізілмек.

Еурокомиссия төрағасы: цифрлық платформалар балалардың қауіпсіздігі үшін жауапты болуы тиіс

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен дүйсенбі күні интернеттегі балалардың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы комиссияның есебін қабылдап, цифрлық платформалар балаларды зиянды контенттің ықпалынан қорғауға жауапты екенін мәлімдеді.

Еуроодақ Арменияға арналған серіктестік миссиясын іске қосты

Дүйсенбі күні Брюссельде өткен Еуроодақтың Сыртқы істер жөніндегі кеңесі Арменияға арналған Еуроодақтың серіктестік миссиясының (EUPM Armenia) іске қосылғанын жариялады.

ОПЕК: Қорларды басқарушы компаниялардың мұнай сатуы мен ұсыныстың артуына қатысты күтулер бағаға қысым көрсетті

Жылдың алғашқы жартысында мұнай фьючерстері нарығында құбылмалылық жоғары болды. Бұған нарық қатысушыларының геосаяси оқиғалар мен олардың әлемдік мұнай жеткізіліміне ықпалын үнемі қайта бағалап отыруы себеп болған. Бұл туралы ОПЕК өзінің ай сайынғы есебінде мәлімдеді.