Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Украинаға барлау деректерін беруді тоқтатамыз деп қоқан-лоқы жасамаған, алайда Трамп Киев...

АҚШ Украинаға барлау деректерін беруді тоқтатамыз деп қоқан-лоқы жасамаған, алайда Трамп Киев билігіне қатты наразы болған

|

|

Вашингтон. 13 қазан. ИНТЕРФАКС – Өткен жұмада Майамиде өткен келіссөздерде АҚШ өкілдері Украинаға барлау мәліметтерін беруді тоқтататынын ескертпеген. Алайда Америка президенті Дональд Трамптың алдағы уақытта қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Бұл туралы The New York Times (NYT) басылымы дереккөзіне сүйеніп хабарлады.

Басылымға аты-жөнін жарияламау шартымен сұхбат берген америкалық шенеунік Вашингтонның барлау саласындағы көмекті тоқтатамыз деп қорқытқаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарған. Дегенмен оның айтуынша, Трамп Украина билігіне қатты ашуланғандықтан, ендігі әрекетін болжау қиын.

Газеттің жазуынша, келіссөз барысында АҚШ тарапы Трамптың атынан Украинадан Ресей аумағындағы мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді біржақты тоқтатуды талап еткен. Бұған жауап ретінде украин делегациясының бір өкілі Киевтің мұндай қадамға барғаны үшін не алатынын сұраған.

Дереккөздердің мәліметінше, америкалық келіссөз жүргізушілер АҚШ-тың Украинаға онсыз да ауқымды көмек көрсетіп отырғанын еске салған. Олар мұнай өңдеу зауыттарына жасалатын шабуылдарды тоқтату үшін Вашингтоннан қосымша жеңілдік талап етудің орынсыз екенін жеткізген.

Осы тұста АҚШ өкілдері Украинаға беріліп жатқан барлау мәліметтерін де сөз еткен. NYT мәліметінше, келіссөзге қатысқандардың кейбірі мұны америкалық барлау ақпаратының берілуі тоқтатылуы мүмкін деген астарлы ескерту ретінде қабылдаған.

Газеттің хабарлауынша, АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Украина делегациясымен келіссөзі алты сағатқа созылған. Кездесудің басым бөлігі алдағы бейбіт келіссөздердің нәтижелі өтуі үшін қандай шаралар қабылдау керектігін талқылауға арналған. Сонымен қатар аумақтарды бақылау мәселесі мен Украинаның Еуропалық одаққа қосылу мүмкіндігі қаралған.

Дереккөздердің бірі Уиткоффтың келіссөз кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлесуіне қосылу үшін бір рет сыртқа шыққанын мәлімдеді.

Жексенбі күні келіссөзге қатысқан Еуропалық комиссия төрағасы кеңсесінің басшысы Бьорн Зайберт кездесу қорытындысы туралы Еуропалық одақ елдерінің тұрақты өкілдеріне мәлімет берген.

NYT дереккөздерінің айтуынша, келіссөзге қатысқан Ұлыбритания, Франция және Германияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері, сондай-ақ ЕО мен НАТО өкілдері Ақ үйдің Ресеймен дизель отынын жеткізу жөнінде келісім жасалғанын жариялауын күтпеген.

Зайберт ЕО елдерінің тұрақты өкілдеріне АҚШ-тың Ресеймен байланысы ресми түрде жарияланып жүрген мәліметтерден әлдеқайда ауқымды екенін айтқан. Оның тұрақты өкілдермен кездесуі 20 минутқа созылған. Әңгіме барысында тағы қандай мәселелер қозғалғаны хабарланбады.

Дереккөздер Уиткофф пен Кушнердің Ресейге жоспарланған сапарын әзірге кейінге қалдырғанын да жеткізді. Олар Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы келіспеушіліктер шешілгенше күте тұруды жөн көрген.

Өткен жұмада Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлескенде Ресейден АҚШ пен халықаралық нарықтарға дизель отынын жеткізу мәселесі талқыланғанын мәлімдеген.

«Жаңа ғана Ресей президенті Владимир Путинмен нәтижелі келіссөзді аяқтадым. Нәтижесінде Ресейдің АҚШ пен халықаралық нарықтарға дереу 300 мың тоннадан астам дизель отынын жеткізуі жөнінде келісімге келдік. Қараша айында тағы 500 мың тонна, одан кейін бірден 1 миллион тонна жеткізіледі», – деп Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Оның айтуынша, бұдан кейін Ресей қысқа мерзім ішінде тағы 3 миллион тонна дизель отынын экспорттайды.

Сенбі күні Axios интернет-басылымы жағдайдан хабардар америкалық шенеунікке сүйеніп, Трамптың Ресеймен дизель отынын жеткізу туралы келісім жасауына Зеленскийдің ұстанымы себеп болғанын хабарлады. Атап айтқанда, Украина президенті АҚШ-тың Ресей мұнай өңдеу зауыттарына шабуылдарды тоқтату жөніндегі алтыға жуық өтінішін елемеген.

Axios дереккөзінің айтуынша, Трамп Украинадан Ресейдің мұнай өңдеу кәсіпорындарына жасалатын соққыларды біржақты тоқтатуды талап еткен. Өйткені мұндай шабуылдар АҚШ-та жанармай бағасының қымбаттауына ықпал етіп отыр деп есептеген.

Бұған дейін Axios дереккөздері Уиткофф пен Кушнердің Украина өкілдерімен келіссөзінде Киев Трамптың өтініштерін орындамаған жағдайда АҚШ барлау мәліметтерін беруді тоқтатуы мүмкін деген ескертулер жасалғанын хабарлаған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ пен Еуропаның Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі ұсынысында Ресей, Украина және Еуропа арасындағы энергетикалық келісім қарастырылған

АҚШ пен Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеу жоспарын әзірлеп жатыр. Онда Ресей, Украина және Еуропа арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты жолға қою, сондай-ақ тараптардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешу қарастырылған. Бұл туралы The Washington Post (WP) басылымы дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Exclusive.kz және еркін ойдың шегі

 Қазақстанда бір қызметті ең ұзақ атқарған адамды іздесек, бұрынғы Елбасынан бұрын Exclusive.kz басылымының негізін қалаушы әрі бас редакторы еске түсетін шығар. Exclusive.kz құрылған күнінен бері либералдық бағытынан айныған емес. Либерализмнің астарында не жатқанын бәріміз де жақсы білеміз.

«Яндекс» жұмысындағы ақау: шығын көлемі мен нарықтағы тұрақсыздық

PROTENGE мәліметінше, «8–11 қазан аралығында Ресейдегі «Яндекс» компаниясының деректерді өңдеу орталықтарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуылдар Қазақстандағы компания қызметтерінің жұмысына да әсер етті. (...) 11 қазанда тұрғындар такси шақыру, дайын ас пен азық-түлікке тапсырыс беру кезінде қиындықтарға тап болды.

Мектеп оқушыларына амандасу әдебі үйретілмек

Atameken Business мәліметінше, мектеп оқушыларына сәлемдесу әдебін үйретуге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр. Оқу құралын дайындау барысында ғалымдардың, сарапшылардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен білім беру саласы мамандарының пікірлері ескерілмек.