Евразия24ЖаңалықтарАҚШ пен Еуропаның Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі ұсынысында Ресей, Украина және Еуропа...

АҚШ пен Еуропаның Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі ұсынысында Ресей, Украина және Еуропа арасындағы энергетикалық келісім қарастырылған

|

|

Вашингтон. 13 қазан. ИНТЕРФАКС – АҚШ пен Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеу жоспарын әзірлеп жатыр. Онда Ресей, Украина және Еуропа арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты жолға қою, сондай-ақ тараптардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешу қарастырылған. Бұл туралы The Washington Post (WP) басылымы дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Басылымның жазуынша, АҚШ пен Еуропа Украина мен Ресейдің қаржылық және қауіпсіздік салаларындағы мүдделерін ескеретін бейбіт келісім жобасын әзірлеуде. Бұл құжат аумақтық дауды реттеуге негіз болуға тиіс. Америкалық шенеуніктің айтуынша, ұсыныстар топтамасы төрт негізгі бағытты қамтиды.

«Соның бірі – энергетикалық келісім арқылы Ресей, Украина және Еуропа арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру. Атап айтқанда, Ресей мұнайы мен газын Еуропаға жеткізетін құбыр салу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Бұл жағдайда Украина мен Ресей түскен пайданы өзара бөліседі. Америкалық шенеуніктің пікірінше, мұндай құбыр Еуропаның энергетикаға жұмсайтын шығынын едәуір азайтуы мүмкін. Сонымен қатар бейбіт келісім Ресейдің Еуропа энергетика нарығына ұзақ мерзімді қол жеткізуіне жол ашып, экономикалық санкциялардың қашан және қандай тәртіппен алынатынын айқындайды», – деп жазады басылым.

Жоспарға сәйкес, Украина АҚШ пен Еуропадан НАТО жарғысының 5-бабына ұқсас қауіпсіздік кепілдіктерін алуға тиіс. Ал Ресей Еуропамен қауіпсіздік саласындағы өз алаңдаушылықтарына қатысты келіссөз жүргізеді. Алайда бұл келіссөздердің нақты шарттары әзірге белгісіз.

Ұсыныстың тағы бір тармағында әскери қимылдарды қазіргі майдан шебінде тоқтату көзделген.

Бұдан бөлек, бастама аясында Украинаны соғыстан кейін қалпына келтіру мәселесі қамтылған. Бұл жұмыстың қаржылық негізін Дүниежүзілік банк пен BlackRock консорциумы қалыптастыруға тиіс. Келіссөзге қатысушылар Киевтен елді қалпына келтіруге қажетті қаражаттың нақты көлемін көрсетуді және бөлінген қаржының мақсатты жұмсалатынына кепілдік беруді сұраған.

The Washington Post мәліметінше, Еуропа елдері АҚШ пен Ресейдің дизель отынына қатысты келісіміне көңілі толмағанымен, дипломатиялық келіссөздерді жалғастыруға ниетті. Бұл үдерісті АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер үйлестіріп отыр.

«Қалыптасқан шиеленісті бәсеңдетіп, қайтадан іске кірісетін уақыт жетті», – деді басылымға пікір білдірген еуропалық дипломаттардың бірі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Exclusive.kz және еркін ойдың шегі

 Қазақстанда бір қызметті ең ұзақ атқарған адамды іздесек, бұрынғы Елбасынан бұрын Exclusive.kz басылымының негізін қалаушы әрі бас редакторы еске түсетін шығар. Exclusive.kz құрылған күнінен бері либералдық бағытынан айныған емес. Либерализмнің астарында не жатқанын бәріміз де жақсы білеміз.

«Яндекс» жұмысындағы ақау: шығын көлемі мен нарықтағы тұрақсыздық

PROTENGE мәліметінше, «8–11 қазан аралығында Ресейдегі «Яндекс» компаниясының деректерді өңдеу орталықтарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуылдар Қазақстандағы компания қызметтерінің жұмысына да әсер етті. (...) 11 қазанда тұрғындар такси шақыру, дайын ас пен азық-түлікке тапсырыс беру кезінде қиындықтарға тап болды.

Мектеп оқушыларына амандасу әдебі үйретілмек

Atameken Business мәліметінше, мектеп оқушыларына сәлемдесу әдебін үйретуге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр. Оқу құралын дайындау барысында ғалымдардың, сарапшылардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен білім беру саласы мамандарының пікірлері ескерілмек.

ЕҚДБ мен ЕТДҚ болжамдары: Қазақстан экономикасы өсе ме, әлде құлдырай ма?

Еуропалық қайта құру және даму банкі  мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының  сарапшылары геосаяси тұрақсыздықты, Таяу Шығыстағы қақтығыс пен жүк тасымалындағы іркілістерді ескере отырып, өңір елдерінің, соның ішінде Қазақстанның экономикалық даму қарқынын салыстырды. Екі ұйым да Қазақстанның мұнайдан өзге салаларының даму мүмкіндігін жоғары бағалайды. Алайда олардың ұзақ мерзімді экономикалық болжамдары бірқатар маңызды көрсеткіш бойынша алшақ түседі.