Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Украинаға көмек ретінде Нидерландқа 500 млн долларлық қару-жарақ сатты

АҚШ Украинаға көмек ретінде Нидерландқа 500 млн долларлық қару-жарақ сатты

|

|

Вашингтон. 5 тамыз. ИНТЕРФАКС – АҚШ Нидерландтарға Украинаға жіберу үшін құны 578 миллион доллар болатын қару-жарақ пен оқ-дәрілер партиясын сатты. Бұл туралы АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында хабарлады.

Оның айтуынша, бұл келісім НАТО мен АҚШ арасындағы, альянс елдерінің Украина үшін америкалық қару-жарақ сатып алуына қатысты уағдаластықты жүзеге асырудағы «алғашқы қадам» болып табылады. Уитакер Нидерландтың бастамасын басқа мемлекеттер де қолдайды деген үмітін білдірді. Бұл елдер Украинаға Patriot зениттік-зымыран кешендеріне арналған зымырандар, артиллериялық снарядтар, оқ-дәрілер мен жабдықтар жеткізе алады.

Бұған дейін Нидерландтың қорғаныс министрі Рубен Брекелманс елінің НАТО мүшелері арасынан бірінші болып Украинаға құны 500 млн еуро болатын америкалық қару-жарақ жөнелтетінін растады.

«Нидерланд НАТО-ға мүше елдердің ішінде бірінші болып Украинаға Patriot жүйелеріне арналған зымырандар мен бөлшектерді қоса алғанда, америкалық қару-жарақ жеткізеді. Жалпы сома – 500 млн еуро», – деп жазды министр Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп 11 шілдеде НАТО одақтастары Вашингтоннан қару-жарақ сатып алып, кейін оны Украинаға жеткізе алатынын мәлімдеген болатын. Германия мен бірнеше скандинавиялық мемлекеттер АҚШ-тан қару сатып алуға ресми келісімін берді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...