Евразия24ЖаңалықтарАстана мен Вашингтон сауда–экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін растады

Астана мен Вашингтон сауда–экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін растады

|

|

Астана. 29 қазан. Интерфакс-Қазақстан – Қазақстан Премьер-​министрі Олжас Бектенов АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Сержио Гор және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесу барысында сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде өнеркәсіп, цифрлық даму, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика және су ресурстары салаларындағы әріптестікті тереңдету тетіктері қарастырылды.

Тараптар транзиттік-көліктік бағыттарды дамытуда жаңа мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Энергетика саласында бірлескен жобалар аясында жаңғырту мен озық технологияларды енгізудің маңыздылығы көрсетілді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық та перспективалы бағыт ретінде аталды. Атап айтқанда, астықты терең өңдеу және оның өнімдерін АҚШ, ЕО, Қытай және Үндістан нарықтарына экспорттау бойынша бірлескен бастамалар талқыланды.

Сонымен қатар цифрлық индустрия және жасанды интеллект технологиялары бағытында әріптестікті кеңейту қажеттілігі айтылды.

Кездесу қорытындысында тараптар барлық перспективалы бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге дайын екенін растады.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 1993 жылдан бері Қазақстан экономикасына АҚШ-тан тартылған тікелей инвестициялардың жиынтық көлемі шамамен $61,2 млрд болып, елге түскен жалпы ПИИ құрылымының 13%-дан астамын құрайды. Соңғы бес жылда екіжақты сауда көлемі екі есе өсіп, $4,2 млрд-қа жетті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...