Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Беларусь президенттері саяси диалогтың жоғары деңгейін және ынтымақтастықтың қарқынды дамуын...

Қазақстан мен Беларусь президенттері саяси диалогтың жоғары деңгейін және ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтті

|

|

Астана. 29 қазан. Интерфакс-Қазақстан – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында тараптар саяси диалогтың жоғары деңгейін, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жүйелі түрде ілгерілеп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласында өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Мемлекет басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясында тығыз өзара қарым-қатынасты жалғастыру жөнінде келісті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Францияда аптап ыстыққа байланысты дүйсенбіде 845 мектеп пен колледж жабылады

Францияда рекордтық аптап ыстықтың салдарынан дүйсенбі күні елдің бірқатар өңірінде 845 мектеп пен колледждің жұмысы уақытша тоқтатылады.

АҚШ делегациясы Швейцарияда Пәкістан премьер-министрі және армия басшысымен кездесті

АҚШ делегациясы Иранмен өтетін келіссөздер алдында Швейцарияның Бюргеншток елді мекенінде пәкістандық делдалдармен кездесті.

Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан президенті әкімшіліктері арасындағы ықпалдастықты дамытудың маңызын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекет басшылары әкімшіліктері деңгейіндегі белсенді өзара іс-қимылды дамытуды қолдайтынын мәлімдеді.

Тоқаев 22–23 маусымда Брюссельге ресми сапармен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22–23 маусым күндері Брюссель қаласына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.