Евразия24ЖаңалықтарАзия-Тынық мұхиты нарықтарында өсім байқалады

Азия-Тынық мұхиты нарықтарында өсім байқалады

|

|

Токио, 21 қазан. ИНТЕРФАКС – Азиа-Тынық мұхиты өңірінің қор нарықтары сейсенбі күні өсім көрсетіп отыр, оған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарының жұмсаруы жөніндегі үміт түрткі болды.

Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Бейжің әділ сауда келісіміне қол жеткізе алады деген сенім білдіріп, мұндай келісім екі тарап үшін де тиімді болуы мүмкін екенін атап өтті.

Нарықтағы көңіл-күйге Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Кевин Хассетттің АҚШ үкіметінің жұмысы тоқтап тұрған кезеңнің осы аптада аяқталуы мүмкін деген мәлімдемесі де оң ықпал етті.

Қытайлық Shanghai Composite индексі 1,22%-ға, гонконгтық Hang Seng – 1,35%-ға өсті. Contemporary Amperex Technology Co. (CATL) акциялары 3,3%-ға қымбаттады — елдегі ең ірі литий-ион аккумулятор өндіруші компания бәсекелестікке қарамастан, үшінші тоқсанда таза табысын 41%-ға арттырған.

Foxconn Industrial құнды қағаздары АҚШ пен Қытайдағы iPhone 17 сату көлемі туралы жаңалықтар аясында 9%-ға көтерілді. Бұл компания — әлемдегі ең ірі контрактілі электроника өндіруші және Apple-дің негізгі жеткізушісі. Hang Seng индексінің құрамында ең жоғары өсімді China Life Insurance көрсетті (+7,1%), ал Pop Mart International Group акциялары ең көп – 5,7%-ға арзандады. Semiconductor Manufacturing International Corp. – 5,6%-ға, BYD Electronic – 4,6%-ға, Sunny Optical Technology – 4,3%-ға, Techtronic Industries пен Geely Automobile Holdings – 3,6%-ға өсті. Жапондық Nikkei 225 индексі 0,3%-ға көтерілді. Жапония парламентінің төменгі палатасы Либералды-демократиялық партияның өкілі Такаити ханымды елдің 104-премьер-министрі ретінде қолдады.

Сейсенбі күні ол жоғарғы палатадағы дауыс беруден өтуі тиіс. Такаити жұмсақ ақша-несие және салық-бюджет саясатын қолдайтын саясаткер ретінде танымал. DeNA Co. акцияларының бағасы 6,3%-ға, Renesas Electronics Corp. – 4,6%-ға, ZOZO Inc. – 4,1%-ға, TDK Corp. – 3,7%-ға, Japan Exchange Group – 3,6%-ға, Nitto Denko Corp. – 3%-ға өсті. Ал Tokyo Electric Power Co. – 3%-ға, Mitsui Kinzoku Co. – 2,5%-ға, Takashimaya Co. – 2,4%-ға, Fujikura Ltd. – 2,2%-ға, Aeon Co. – 2,1%-ға, Japan Steel Works – 2%-ға арзандады. Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 0,22%-ға өсті. Hyundai Motor акциялары 4,1%-ға, Posco – 0,2%-ға көтерілсе, Samsung Electronics – 0,1%-ға, Korean Air Lines – 0,4%-ға төмендеді.

Австралиялық S&P/ASX 200 индексі 0,7%-ға артты. Дүйсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Австралия премьері Энтони Албаниз сирек жер металдарын өндіруге бағытталған бірлескен жобалар бойынша келісімге қол қойды. Ақ үй таратқан баспасөз хабарламасында алдағы алты ай ішінде АҚШ пен Австралия бұл салаға 3 миллиард доллардан астам инвестиция салатыны айтылған. Албаниз бұл келісім АҚШ пен Австралия арасындағы қатынастарды жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. Сирек жер металдарын өндіруші Lynas Rare Earths компаниясының акциялары 7,6%-ға арзандап, S&P/ASX 200 индексінің құрамындағы ең үлкен төмендеуді көрсетті. Evolution Mining және Northern Star Resources секілді алтын өндіруші компаниялардың акциялары тиісінше 4,4% және 2,9%-ға қымбаттады. BHP акцияларының бағасы 2,3%-ға, Rio Tinto – 0,9%-ға артты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.