Евразия24ЖаңалықтарСанаэ Такаити — Жапония тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр

Санаэ Такаити — Жапония тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр

|

|

Токио. 21 қазан. ИНТЕРФАКС – Жапонияның бұрынғы ішкі істер министрі және қазіргі билеуші Либералды-демократиялық партияның (ЛДП) көшбасшысы Санаэ Такаити ел тарихында премьер-министр қызметіне тағайындалған алғашқы әйел атанды. Бұл туралы сейсенбі күні Kyodo агенттігі хабарлады.

Төменгі палатадағы (465 орыннан тұратын өкілдер палатасы) дауыс беру барысында Такаитидің кандидатурасын 237 депутат қолдады, ал көпшілік дауысты алу үшін 233 дауыс жеткілікті еді. Жапонияның заңнамасына сәйкес, премьерді сайлау кезінде төменгі палата жоғарғы палатаға (кеңесшілер палатасы) қарағанда айтарлықтай басымдыққа ие.

Кейінірек, осы күні Жапония императоры Нарухито Санаэ Такаитидің премьер-министр ретінде сайлануын ресми түрде бекітеді.

Бұған дейін Жапония үкіметі премьер-министр Сигэру Исибаның басшылығымен отставкаға кеткен болатын. Бұл – парламенттің жаңа премьер кандидатурасына дауыс беруіне жол ашты.

NHK телеарнасының хабарлауынша, Такаити ЛДП басшысын сайлау барысында басты қарсыласы болған Синдзиро Коидзумиді қорғаныс министрі етіп тағайындамақ. Тағы бір қарсыласы Есимаса Хаяси ішкі істер министрлігін басқарады. Ал бұрынғы кабинет бас хатшысы Тосимицу Мотэги сыртқы істер министрі қызметіне ауысады. Қаржы министрлігін Сацуки Катаяма басқарады.

Такаитидің премьерлікке сайлануына жол ашқан маңызды фактор – ЛДП мен оппозициялық «Жапония инновациялар партиясының» коалициялық келісімі болды. Алайда бұл шешім ЛДП мен оған 20 жылдан астам уақыт бойы одақтас болып келген «Комэйто» партиясының альянсты үзуімен қатар жүрді.

64 жастағы Санаэ Такаити Kyodo мәліметінше, ұлттық қауіпсіздік мәселесінде қатаң ұстанымымен танымал. Бұрынғы ішкі істер министрі ретінде ол 1947 жылғы Жапония конституциясының милитаризмнен бас тартуды көздейтін 9-бабын қайта қарауды қолдайды.

Такаити әсіре оңшыл және ұлтшыл көзқарастарымен белгілі. Ол Жапониядағы ең ірі консервативтік әрі ұлтшыл үкіметтік емес ұйым – «Ниппон Кайги» мүшесі, сондай-ақ синтоизм құндылықтарын жаңғырту мен адамгершілік тәрбиені насихаттайтын парламенттік конференция төрағасының орынбасары. Такаити бірнеше рет жапон милитаризмінің символына айналған Ясукуни ғибадатханасына барды. Бұл сапарлар Қытай, Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея тарапынан әрдайым өткір сынға ұшырап, оккупациялық саясаттың жарасын тырнау ретінде қабылданады.

Сонымен қатар, Такаити Қытайдың экономикалық саясатына сын көзбен қарап, Жапонияның ҚХР-ға деген экономикалық тәуелділігін азайту қажеттігін жиі алға тартады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ормуз бен Баб-эль-Мандеб: ғасырларға созылған тартыс

Байқаушылар Конгреске өткен аралық сайлаудан кейін АҚШ Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы әскери қимылдарын қайта бастайды деп болжайды. Пентагон мен Израильдің Қорғаныс армиясы бәрін келісіп қойған, енді Ақ үйдің саяси шешімін күтіп отыр. Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарын АҚШ бақылауына алу үшін Дональд Трамп қандай да бір тың тәсіл ұсына ала ма? Екіталай. Әлем үшін айрықша маңызды осы екі теңіз жолы соңғы бірнеше ғасырда не көрмеді дейсіз.

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.