Евразия24ЖаңалықтарБельгияда мектеп автобусы пойызбен соқтығысты

Бельгияда мектеп автобусы пойызбен соқтығысты

|

|

Брюссель. 26 мамыр. ИНТЕРФАКС – Бельгияның Шығыс Фландрия провинциясында оқушыларды тасымалдап бара жатқан автобус Бюггенхаут коммунасындағы теміржол өткелінде пойызбен соқтығысты. Бельгия БАҚ-тары бірнеше адамның қаза тапқанын хабарлады.

«Бюггенхауттағы қайғылы жол апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Ойым қаза тапқандар мен олардың жақындарымен бірге. Зардап шеккендерге күш-қуат тілеймін», – деп жазды Бельгияның ішкі істер министрі Бернар Кентен X әлеуметтік желісінде.

Федералдық полиция әзірге апат құрбандарының нақты саны жөнінде ресми ақпарат таратқан жоқ. RTL телеарнасының хабарлауынша, құқық қорғау органдарының өкілі Ан Берже: «Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы мәлімет бермейміз. Алғашқы тексеру жұмыстарын теміржол полициясы жүргізді», – деді.

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Le Soir газетінің мәліметінше, оқиға кезінде теміржол өткелі жабық болған.

Бұл ақпаратты Бельгияның теміржол инфрақұрылымын басқаратын Infrabel компаниясы да растады. БАҚ келтірген компания түсіндірмесінде: «Шлагбаумдар түсірілген, бағдаршамда қызыл шам жанып тұрған», – делінген.

Пойыз Бюггенхаутқа Брюггеден келе жатқан. Өткел станциядан шамамен бір шақырым жерде орналасқандықтан, пойыз жылдамдығы баяулай бастаған. Машинист автобусты көрген соң шұғыл тежеуді қолдануға тырысқанымен, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмаған. Infrabel мәліметінше, соққы өте қатты болған.

Алдын ала деректер бойынша, пойыз жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО басшылары Зеленскийден Трампты ашық сынауды бәсеңдетуді сұрамақ

Еуропалық одақ басшылары Украина Президенті Владимир Зеленскиймен жабық есік жағдайында өтетін кездесуде оған АҚШ Президенті Дональд Трамптың саясатын сынағанда өткір мәлімдемелерден тартынуға кеңес бермек. Бұл туралы бейсенбі күні Financial Times (FT) газеті дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Жапония атомдық сүңгуір қайықтарды қару-жарақ қатарына қосу мүмкіндігін қарастырмақ

Жапония билігі елдің әскери-теңіз күштерін атомдық сүңгуір қайықтармен (АСҚ) жабдықтау мүмкіндігін зерделемек. Бұл туралы Nikkei Asia газеті дереккөзге сүйеніп хабарлады.

Сауд Арабиясы зымырандар мен дрондардың басым бөлігін атып түсіріп жатыр, бірақ хуситтер де нәтижелі шабуылдар жасауда

Сауд Арабиясының әскери күштері «Ансар Алла» қозғалысы (хуситтер) ұшырған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының басым бөлігін атып түсіргенімен, хуситтер елдің әуе қорғанысындағы осал тұстарды пайдаланып, шабуылдарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Middle East Eye (MEE) басылымы дереккөзге сүйеніп хабарлады.

Ақ үйде дизель отынының қымбаттауына АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс себеп болғанын бейресми түрде мойындап отыр

АҚШ әкімшілігінің кейбір өкілдері дизель отынының қымбаттауына Иранға қарсы жүргізіліп жатқан америкалық әскери операция себеп болғанын бейресми әңгімелерде мойындайды. Бұл туралы бейсенбі күні Semafor порталы хабарлады.