Евразия24ЖаңалықтарБіліксіз саясаткерлер халықаралық қатынастар жүйесіне нұқсан келтіруде

Біліксіз саясаткерлер халықаралық қатынастар жүйесіне нұқсан келтіруде

|

|

Мәскеу. 25 қаңтар. ИНТЕРФАКС – Еуропалық одақтың басшылығы болашақты бағамдай алмайтын, кәсіби деңгейі төмен функционерлерден тұрады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, бұл – билік басындағы саясаткерлердің құлдырауы. Соның салдарынан халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесі зардап шегіп отыр. Иә, олар біліксіз», – деді Песков «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Павел Зарубинге берген сұхбатында (Ресей-1, ВГТРК).

Оның айтуынша, Ресей ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Калласпен ешқандай мәселені талқыламайды.
«Біз онымен ешқашан ештеңе талқыламаймыз, америкалықтар да онымен ештеңе талқыламайтыны анық. Мұндай жағдайда не істеу керек? Тек оның қызметтен кеткенін күту қажет», – деді Песков.

Кремль өкілі қазіргі таңда Еуроодақ басшылығында «саяси көрегендер жоқ» екенін де атап өтті.
«Онда бүгінгі заманның координаттар жүйесін түсіне алмайтын, болашақты пайымдай алмайтын, білімі таяз әрі кәсіби деңгейі төмен функционерлер отыр», – деп қосты ол.ен ешқашан келіссөз жүргізбейді, оның қызметтен кеткенін күту керек

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...