Евразия24ЖаңалықтарЧехия Польшаға ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күрес жүргізетін арнайы бөлімшенің тікұшақтарын жібереді

Чехия Польшаға ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күрес жүргізетін арнайы бөлімшенің тікұшақтарын жібереді

|

|

Чехия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Прага Польшаға арнайы операциялар бөлімшесіне тиесілі үш тікұшақ жібереді. Бұл – НАТО-ның Hip-L коды бойынша белгілі Ми-171СЗ арнайы мақсаттағы тікұшақтарының жетілдірілген нұсқалары. Олар төмен биіктікте ұшатын ұшқышсыз аппараттарды анықтап, залалсыздандыру үшін жабдықталған.

Аталған шешім Польша вице-премьері, қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш пен Чехияның қорғаныс министрі Яна Чернохованың телефон арқылы сөйлескеннен кейін қабылданған.

Миссияға 150-ге жуық чех әскери қызметшісі қатысады. Операция шамамен үш айға жалғасады.

Бұл миссия Чехияның НАТО-ның шығыс шекарасындағы қорғанысты күшейтуге бағытталған мандаты аясында жүзеге асады. Аталған мандат бойынша Прага Эстония, Литва, Латвия, Польша, Словакия, Венгрия, Румыния және Болгарияға 2 мыңға дейін әскери қызметкер жібере алады. Қазіргі таңда чех әскери қызметшілері Словакия, Литва және Латвия аумағында жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, Польша Қарулы күштерінің операциялық қолбасшылығы ел аумағының әуе кеңістігінде шекараны бұзған ұшқышсыз ұшу аппараттарын жою бойынша операция жүргізілгенін хабарлады. Польша мен НАТО-ға мүше одақтас елдердің әскери авиациясы жоғары жауынгерлік дайындық режимінде бұл дрондарға қарсы қару қолданған. Оқиға барысында 16 дрон мен бір зымыранның қалдықтары табылғаны хабарланды.

Польша премьер-министрі Дональд Туск бұл жағдайды «ауқымды арандатушылық әрекет болуы мүмкін» деп бағалады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...