Евразия24ЖаңалықтарЕО 2030 жылға дейінгі қорғанысқа дайындық жоспарын таныстырды

ЕО 2030 жылға дейінгі қорғанысқа дайындық жоспарын таныстырды

|

|

Еурокомиссия (ЕК) және ЕО-ның сыртқы істер, қауіпсіздік және қорғаныс саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас бейсенбі күні Брюссельде «2030 жылға арналған қорғанысқа дайындық жөніндегі жол картасын» таныстырды.
«Қорғаныс – бейбітшілікті сақтаудың қажетті шарты, ал Еуропаның қорғаныс қабілеті әлі де қажетті деңгейде емес. Бүгін біз ұсынып отырған жол картасы осы жағдайды өзгертуге бағытталған. Алдағы бірнеше жылда біз НАТО мақсаттарына сәйкес Еуроодақ аумағында қорғаныс әлеуетін едәуір арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді Каллас.
Ол Еуропаның экономикалық қуатын әскери қуатқа жедел айналдыру қажеттігін атап өтті.
Еурокомиссия бұл құжатты Еуропаның қорғаныс әлеуетін күшейтуге арналған кешенді жоспар ретінде бағалап отыр.
Жол картасы Еуропаның қорғанысқа дайын болуын қамтамасыз етуге бағытталған төрт ірі жобаны қамтиды: ұшқышсыз аппараттардан қорғану бойынша еуропалық бастама, шығыс қапталды қорғау стратегиясы, Еуропалық әуе қалқаны және Еуропалық ғарыштық қалқан.
«Аталған жобалар Еуропаның құрлықта, әуеде, теңізде, киберкеңістікте және ғарышта тежеу және қорғаныс мүмкіндіктерін нығайтады, сондай-ақ НАТО-ның қорғаныс әлеуетіне тікелей үлес қосады», – делінген Брюссель таратқан мәліметте.
Сондай-ақ, «Еуропаның қорғаныс қабілетін арттыру Украинаға берілетін мызғымас қолдауды да білдіреді», – деп көрсетілген.
Ұсынылған жоспарға сәйкес, ЕО-ға мүше мемлекеттер әуе және зымыранға қарсы қорғаныс, стратегиялық қамтамасыз ету, әскери мобильдік, артиллериялық жүйелер, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, радиоэлектрондық күрес, зымырандар мен оқ-дәрілер, ұшқышсыз аппараттар мен оларға қарсы құралдар, құрлықтағы әскери операциялар мен теңіз күштері сынды негізгі бағыттарда қорғаныс әлеуеті жөніндегі коалициялар құруды аяқтауы тиіс.
Жол картасы сонымен қатар қорғаныс өнеркәсібін күшейтуді, инновациялық әлеуетті (оның ішінде украиналық тәжірибені) пайдалануды және инвестиция көлемін арттыруды көздейді.
«2030 жылға қарай шынайы ортақ еуропалық нарық қалыптастыру – басты мақсат, бұл қорғаныс өнеркәсібіне өнімдерді жылдам әрі ірі көлемде жеткізуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ЕК.
Сондай-ақ, Еурокомиссия мен Каллас бұл жол картасын 23 қазанда Еуропалық кеңеске ұсынатын болады. Құжатта бүкіл Еуропаға ортақ жетекші жобаларға қатысты ұсыныстар қамтылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.