Евразия24ЖаңалықтарЕО басшылары Зеленскийден Трампты ашық сынауды бәсеңдетуді сұрамақ

ЕО басшылары Зеленскийден Трампты ашық сынауды бәсеңдетуді сұрамақ

|

|

Лондон. 15 қазан. ИНТЕРФАКС – Еуропалық одақ басшылары Украина Президенті Владимир Зеленскиймен жабық есік жағдайында өтетін кездесуде оған АҚШ Президенті Дональд Трамптың саясатын сынағанда өткір мәлімдемелерден тартынуға кеңес бермек. Бұл туралы бейсенбі күні Financial Times (FT) газеті дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

«Еуропалық көшбасшылар Зеленскийді Трампты көпшілік алдында сынағанда сөзін жұмсартуға көндірмек. Өйткені Украина президентінің барған сайын ашық әрі өткір сипат алып бара жатқан мәлімдемелері Вашингтон мен Киев арасындағы онсыз да шиеленіскен қарым-қатынасты одан әрі нашарлатуы мүмкін деген алаңдаушылық бар. (…) ЕО саммитіне дайындық барысынан хабардар үш дереккөздің айтуынша, Зеленскийдің еш бүкпесіз айтқан пікірлері еуропалық көшбасшыларды қатты таңғалдырған. Жұма күні Брюссельде Украина президентімен кездесетін ЕО басшылары жабық келіссөз барысында оны көпшілік алдында сөйлегенде ұстамдылық танытуға шақырмақ», – деп жазды FT.

«Оның айтқандары шындық болуы мүмкін. Бірақ шындықтың бәрін бірдей жарияға жар салудың қажеті жоқ», – деді басылым дереккөздерінің бірі.

Газетке ақпарат берген тұлғалардың айтуынша, Еуропалық одаққа мүше 27 елдің басшылары Зеленскийге өз ойларын барынша сыпайы, бірақ нық жеткізбек.

Бұған дейін Axios порталының дереккөздері 9 қазанда АҚШ Президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Украина тарапымен жүргізген келіссөзінде америкалық барлау мәліметтерін беруді тоқтату мәселесі көтерілгенін хабарлаған. Егер Киев Трамптың Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді тоқтату жөніндегі талабын ескермесе, Вашингтон Украинаға барлау ақпаратын беруді доғаруы мүмкін екені ескертілген.

CNN телеарнасы да Ақ үйдің Украина мен оның еуропалық одақтастарына осындай ескерту жасағанын хабарлады. Атап айтқанда, Киев Ресейдің энергетикалық нысандарына шабуылдарын тоқтатпаған жағдайда АҚШ барлау мәліметтерін беруді және қару-жарақ сатуды уақытша тоқтатуға дайын екенін білдірген.

Ал Дональд Трамп АҚШ-тың Украинаға барлау ақпаратын беруді тоқтатпағанын айтып, Вашингтонның қақтығысты реттеу үшін Мәскеумен де, Киевпен де жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеген еді.

Дегенмен Semafor порталы дереккөзге сүйеніп, АҚШ әкімшілігінде Украинаға барлау мәліметтерін беруді жалғастыру немесе тоқтату мәселесі қызу талқыланып жатқанын хабарлады. Әзірге бұл жөнінде ортақ ұстаным қалыптаспаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония атомдық сүңгуір қайықтарды қару-жарақ қатарына қосу мүмкіндігін қарастырмақ

Жапония билігі елдің әскери-теңіз күштерін атомдық сүңгуір қайықтармен (АСҚ) жабдықтау мүмкіндігін зерделемек. Бұл туралы Nikkei Asia газеті дереккөзге сүйеніп хабарлады.

Сауд Арабиясы зымырандар мен дрондардың басым бөлігін атып түсіріп жатыр, бірақ хуситтер де нәтижелі шабуылдар жасауда

Сауд Арабиясының әскери күштері «Ансар Алла» қозғалысы (хуситтер) ұшырған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының басым бөлігін атып түсіргенімен, хуситтер елдің әуе қорғанысындағы осал тұстарды пайдаланып, шабуылдарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Middle East Eye (MEE) басылымы дереккөзге сүйеніп хабарлады.

Ақ үйде дизель отынының қымбаттауына АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс себеп болғанын бейресми түрде мойындап отыр

АҚШ әкімшілігінің кейбір өкілдері дизель отынының қымбаттауына Иранға қарсы жүргізіліп жатқан америкалық әскери операция себеп болғанын бейресми әңгімелерде мойындайды. Бұл туралы бейсенбі күні Semafor порталы хабарлады.

Тоқаев Израиль президентімен кездесуде Қазақстанның Таяу Шығыстағы қақтығыстарды дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайтынын растады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) саммиті аясында Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдету және қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешу жөніндегі ұстанымын растады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.