Евразия24ЖаңалықтарЕуроодақ Ресеймен шекараны қорғауға Финляндияға қосымша 1 млрд еуро бөлмек

Еуроодақ Ресеймен шекараны қорғауға Финляндияға қосымша 1 млрд еуро бөлмек

|

|

Хельсинки, 18 шілде. ИНТЕРФАКС – 2028–2034 жылдарға арналған Еуроодақ бюджеті аясында Финляндияға Ресеймен шекараны күтіп-ұстауға қосымша 1 миллиард еуро бөлінеді. Бұл туралы жұма күні өткен баспасөз мәслихатында Финляндияның Еуропалық ынтымақтастық және мемлекеттік компаниялармен жұмыс істеу жөніндегі министрі Йоаким Странд мәлімдеді, деп хабарлайды Yle порталы.

«Еуропалық комиссия шекаралық бақылау мен көші-қон бойынша көрсеткіштерді негізге ала отырып, Финляндияға 1,6 миллиард еуро бөлуді ұсынып отыр. Бұл қазіргі бюджет кезеңімен салыстырғанда 1 миллиард еуроға артық», – деді министр.

Страндтың айтуынша, Еурокомиссияның бұл шешімі Финляндияның ел шекарасындағы жағдайға қатысты ұстанымын ескеріп қабылданғанын көрсетеді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Түркия С-400 кешендерінен бас тартпайды, бірақ АҚШ-пен бақылау тетігін құруға әзір

Түркия Ресейден сатып алған С-400 зениттік-зымыран кешендерін (ЗЗК) қаруланудан алып тастауды жоспарлап отырған жоқ.

Болгария парламенті президент вето қойған «ЛУКОЙЛ» активтеріне қатысты инвестициялық заң жобасын қабылдады

Болгарияның парламенті ел президенті Румен Радевтің инвестициялар туралы заңға енгізілген түзетулерге қойған ветоcын еңсеріп, заң жобасын көпшілік дауыспен қабылдады.

Еурокомиссия Ресей азаматтарына қатысты қосымша визалық шектеулер енгізуі мүмкін

Еуропалық комиссия (ЕК) Ресей азаматтарына қатысты визалық режим бойынша қосымша шектеу шараларын енгізуді жоспарлап отыр, алайда бұл мәселеге қатысты БАҚ-та жарияланған ақпараттарға түсініктеме бермейді.

Бельгия билігі 2026 жылы 1 қаңтарға дейін дрондарды анықтау, тану және жою орталығын іске қоспақ

Бельгияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бейсенбі күні әуе кеңістігін дрондар арқылы заңсыз бұзу мәселесіне арналған отырыс өткізіп, 2026 жылы 1 қаңтарға дейін Ұлттық әуе қауіпсіздігі орталығын іске қосу туралы шешім қабылдады.