Евразия24ЖаңалықтарХАМАС қарусыздану жоспарын орындауға дайын екенін мәлімдеді.

ХАМАС қарусыздану жоспарын орындауға дайын екенін мәлімдеді.

|

|

Вашингтон. 17 тамыз. ИНТЕРФАКС – ХАМАС басшылары Мысырда АҚШ президентінің өкілі Джаред Кушнермен кездесіп, қарусыздануға және Газа секторын демилитаризациялауға бағытталған жоспарды орындауға дайын екенін растады. Бұл туралы Axios ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Кездесуге Бейбітшілік кеңесінің жоғарғы өкілі Николай Младенов, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр, сондай-ақ кеңестің аға кеңесшілері Арье Лайтстоун мен Лиран Танкман қатысты. ХАМАС атынан қозғалыстың саяси жетекшісі Халиль әл-Хайя келді. Келіссөзге Мысыр барлау қызметінің басшысы Хасан Рашад, Катар дипломаты Әли әл-Тавади және аты-жөні аталмаған жоғары лауазымды түрік шенеунігі де қатысты.

Дереккөздердің мәліметінше, ХАМАС өкілдері Кушнерден АҚШ президенті Дональд Трампқа қозғалыстың қарусыздану жоспарын қолдайтынын және Газаны басқаруды палестиналық технократтар үкіметіне беруге дайын екенін жеткізуді сұраған.

Axios мәліметінше, Кушнер өз кезегінде Израиль тарапының сенімсіздігін ескеріп, ХАМАС-ты қарусыздану бағытында нақты қадам жасауға шақырды.

«Кушнер талаптың жоғары екенін атап өтті. Себебі Израиль тарапы ХАМАС-тың шынымен қарудан бас тартатынына сенбейді», – деді дереккөз.

Ақпарат көздерінің бірі Бейбітшілік кеңесі ХАМАС-тың қару-жарақ пен әскери инфрақұрылымды жоюды бастауына, ал Израильдің Газаға гуманитарлық көмек жеткізуді жеделдетуіне мүдделі екенін айтты.

ХАМАС қарусыздануды бастаса, Израиль тарапынан Газада халықаралық тұрақтандыру күштерін орналастыруға рұқсат беру, Рафах ауданын қалпына келтіруге кірісу және Израиль әскерін шығару мәселесін талқылау қарастырылмақ.

The Times of Israel араб дипломатына сілтеме жасап, ХАМАС өкілдерінің Кушнерге қойған талабын хабарлады. Қозғалыс Бейбітшілік кеңесінің қарусыздану жоспарын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху оның талаптарын орындауға дайын екенін ашық мәлімдеген жағдайда ғана жүзеге асыра бастайтынын жеткізген.

Кушнермен кездесуден кейін ХАМАС мәлімдеме жасап, «президент Трамп жоспарының екінші кезеңіне арналған жол картасын қабылдайтынын» растады.

Қозғалыс атысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңіндегі талаптарды толық орындағанын мәлімдеді. Сонымен қатар Израильді әскери іс-қимылды күшейтіп, Газадағы гуманитарлық ахуалды ушықтырды және жол картасын қабылдамады деп айыптады.

ХАМАС Бейбітшілік кеңесі мен араағайын елдерді Израильге ықпал етуге шақырды. Қозғалыс Израильден келісімнің бірінші кезеңіндегі міндеттемелерін толық орындауды, әскери шабуылдар мен адам өліміне әкелетін әрекеттерді тоқтатуды, Трамп жоспарының екінші кезеңіне арналған жол картасын қабылдап, оны іске асыру мерзімдерін белгілеуді талап етті.

Axios мәліметінше, Кушнер дүйсенбіде Израильге барып, премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен кездеседі. Келіссөзде Израиль тарапы атқаруға тиіс алдағы қадамдар талқыланады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израильде ХАМАС шабуылының үш жылдығына байланысты аза тұту шаралары өтіп жатыр

Израиль қалаларында 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС жасаған шабуылдың үш жылдығына орай аза тұту рәсімдері өтіп жатыр, деп хабарлады сәрсенбі күні The Times of Israel.

Кремль Париждің зымыран сынағына жауап берді

Кремль сейсенбі күні Францияның ядролық оқтұмсықсыз M51.3 баллистикалық зымыранын ұшыруын Франция президенті Эмманюэль Макрон айтқандай «айқын әрі анық белгі» деп қабылдады. Алайда кез келген мәселені күш көрсету мақсатындағы зымыран ұшыру арқылы емес, келіссөз жолымен шешкен дұрыс деп санайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Ирак мұнай экспортының қысқаруына байланысты динар бағамын долларға шаққанда 13%-ға төмендетті

Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының шектелуі Ирак экспортына кері әсер етіп, ел экономикасына қысым түсірді. Осыған байланысты Ирак билігі ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамын 13%-ға төмендетті.

Қазақстан мен Ұлыбритания білім, энергетика, логистика және ЖИ салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Анас Сарварды қабылдап, экономика мен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.