Евразия24ЖаңалықтарКХДР АҚШ пен Оңтүстік Кореяның жоспарланған бірлескен оқу-жаттығуларын айыптады

КХДР АҚШ пен Оңтүстік Кореяның жоспарланған бірлескен оқу-жаттығуларын айыптады

|

|

ГОНКОНГ. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС. Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Корея өткізуді жоспарлап отырған бірлескен әскери оқу-жаттығуларды айыптап, оның теріс салдары туралы ескертті. Бұл туралы КХДР қорғаныс министрі Но Гван Чхор мәлімдеді.

«АҚШ пен Корея Республикасының КХДР-ға қарсы әскери текетіреске негізделген ұстанымын ашық көрсеткен арандатушылық әрекеттерін біз қатаң айыптаймыз және олардың бұл қадамдары Корей түбегі мен өңірдегі қауіпсіздік ахуалына елеулі қатер төндіретінін ескерте отырып, ықтимал теріс салдар туралы қатаң ескертеміз», – делінген министрдің ЦТАК-та жарияланған мәлімдемесінде.

Пхеньян жоспарланған оқу-жаттығуларды өзіне қарсы «тікелей әскери арандату» әрі Корей түбегіндегі жағдайдың құбылмалылығын күшейтетін «қатер» деп сипаттады.

Солтүстік Кореяда жоспарланып отырған оқу-жаттығуларды Пхеньянға қарсы «тікелей әскери арандату» және Корей түбегіндегі жағдайдың құбылмалылығын күшейтетін «қатер» деп атады.

«Біздің қарулы күштер АҚШ пен Корея Республикасының оқу-жаттығуларына дәйекті де қатаң жауап беруге әзір. Кез келген арандатушылыққа егемендік құқығы аясында, өзін-өзі қорғау құқығын толық көлемде пайдалана отырып әрекет етеміз», – делінген КХДР мәлімдемесінде.

Оңтүстік Корея мен АҚШ 18–28 тамыз аралығында ауқымды Ulchi Freedom Shield 25 (UFS) оқу-жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр.

«Ренхап» агенттігінің дерегінше, жоспарланған 40 далалық жаттығудың шамамен 20-сы қыркүйекке шегерілмек.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.