Евразия24ЖаңалықтарЛитва АҚШ пен НАТО-ның қосымша әскерін қабылдауға дайын

Литва АҚШ пен НАТО-ның қосымша әскерін қабылдауға дайын

|

|

24 шілде, Вильнюс. Литва НАТО мен АҚШ-тың қосымша әскери контингенттерін қабылдауға қажетті инфрақұрылымды толықтай дайындап бітірді. Бұл туралы елдің Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Раймундас Вайкшнорас мәлімдеді.

«Біздің қауіпсіздігіміздің басты кепіліодақтастарымыз. Тарихта алғаш рет Германия шетелде өз танк бригадасын орналастыруда. Литваға тіркелген 45-бригада кезең-кезеңімен жеткізіліп, ұлттық қорғаныс жүйесіне интеграцияланып жатыр. Германия бұл үдерісті өте жылдам жүзеге асырды», – деді генерал Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне берген түсініктемесінде.

Оның айтуынша, АҚШ-тың ротациялық әскери күші де маңызды тежеуші фактор болып отыр. Ел билігі барлық инфрақұрылымдық жаңғыртуды аяқтап, шетелдік күштерді қабылдауға толық дайын.

«Қабылдаушы тарап ретінде біз барлық мүмкіндігімізді іске асырып жатырмыз», – деді Вайкшнорас.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...