Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Қорғаныс министрі Балтық елдерінің әріптестерімен келіссөздер өткізеді

АҚШ Қорғаныс министрі Балтық елдерінің әріптестерімен келіссөздер өткізеді

|

|

24 шілде, Минск. Литва, Латвия және Эстонияның қорғаныс министрлері АҚШ-қа барды. Онда олар америкалық қорғаныс министрі Пит Хегсетпен келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Кездесуде өңірлік қауіпсіздік мәселелері, АҚШ-пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері және Украинаға қолдау көрсету шаралары талқыланады. Әсіресе АҚШ әскерінің Еуропадағы, Балтық аймағындағы және тікелей Литвадағы орналасуына ерекше көңіл бөлінеді», – делінген хабарламада.

Литва Қорғаныс министрі Довиле Шакалененің айтуынша, ел АҚШ әскерінің елдегі тұрақты қатысуын ұлттық қауіпсіздіктің негізгі тірегі деп есептейді:
«Біз үшін олардың тек бар болуы ғана емес, сонымен қатар белсенді ынтымақтастығы да маңызды», – деді ол.

Министрдің айтуынша, Литва қорғаныс саласындағы шығындарды НАТО елдерінің ішінде ең жылдам өсіріп отыр және келесі жылы бұл мақсатқа ЖІӨ-нің 5,25%-ын бөлуді жоспарлап отыр.

«Біз жауынгерлік әлеуетке, инфрақұрылымға және ұлттық бөлімшелер құруға инвестиция құйып жатырмыз. Қазірдің өзінде біздің қорғаныс сатыпалуларымыздың 20%-ы АҚШ-пен келісімшарттарға тиесілі. Бұл тек қауіпсіздіктің емес, стратегиялық әріптестіктің де айғағы», – деді Шакалене.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.