Евразия24ЖаңалықтарСи Цзиньпин Еуроодақ басшылығын Қытаймен ынтымақтастықта стратегиялық көрегендік танытуға шақырды

Си Цзиньпин Еуроодақ басшылығын Қытаймен ынтымақтастықта стратегиялық көрегендік танытуға шақырды

|

|

БЕЙЖІҢ. 24 шілде. INTERFAX – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Еуроодақ пен Қытай арасындағы өзара қатынастарды дамытуда ЕО басшылығы ұзақ мерзімді мүдделер мен халықтардың игілігін басшылыққа алуы тиіс екенін мәлімдеді.

«Ғаламдық өзгерістер үдей түскен және халықаралық жағдай күрделі сипат алған қазіргі кезеңде Қытай мен Еуроодақ басшылары алдағыны ойлайтын, жауапкершілікке негізделген ұстаным танытып, халық үмітіне сай әрі тарихи сынақтарға төтеп бере алатын дұрыс стратегиялық шешім қабылдауы қажет», – деді Си Цзиньпин «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Қытай астанасында Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта мен Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен өткізілген кездесуде.

Мемлекет басшысы Қытай мен ЕО арасындағы қатынастар өзара құрметке, айырмашылықтарды мойындай отырып, ортақ мүдделерді іздеуге, ашық әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Си Цзиньпиннің айтуынша, Қытай мен Еуроодақ – көпжақтылықты және ашық халықаралық серіктестікті қолдайтын конструктивті күштер.

«Халықаралық жағдай неғұрлым күрделі және тұрақсыз болса, Қытай мен ЕО арасындағы байланыс пен сенімді нығайтып, ынтымақтастықты тереңдете түсу соғұрлым маңызды. Бұл әлемдік тұрақтылық пен айқындықты қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деді ҚХР төрағасы.

Антониу Кошта мен Урсула фон дер Ляйен ресми сапармен Бейжіңде жүр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еңбек қатынастарының дамуы ма, әлде қызметкерлер құқығының қорғалмауы ма?

Казақстанда Еңбек кодексіне жалдамалы қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және көлеңкелі еңбек қатынастарын жоюға бағытталған түзетулер күшіне енді. Негізгі өзгерістерге тоқталсақ: 2026 жылғы 8 маусымнан бастап еңбек қатынастарын азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттармен алмастыруға тыйым салынады, үстеме жұмыс пен түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, сондай-ақ жалғызбасты әкелер мен аналардың құқықтары теңестірілді. Дегенмен, жаңа нормалар қолданысқа еніп үлгермей жатып, олардың негізгі бастамашысы – Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов заңнамаға бұдан да түбегейлі келесі реформаның қажеттілігі туралы мәлімдеді. Бұл бастама негізсіз емес, себебі қабылданған мемлекеттік кепілдіктердің іс жүзінде орындалмай, қағаз жүзінде қалу қаупі бар. Өйткені бизнес өкілдері құқықтық тетіктерді өз пайдасына бұрмалау арқылы тыйымдар мен шектеулерді айналып өтудің жолдарын меңгеріп алған.

Үздік жұмыс беруші

Yandex Qazaqstan компаниясының еліміздегі ең үздік жұмыс беруші атанғанына біз де қуаныштымыз. Бірақ бұл жерде бір қызық жайт бар: жұмыс беруші ретіндегі Yandex Qazaqstan мен курьерлер, таксистер және өзге де орындаушылар үшін платформа саналатын Яндекс экожүйесі — екі бөлек нәрсе.

Туризм саласының дамуы: Ресми мәлімет пен сараптамалық көзқарас

Қазақстанның Туризм министрлігі елге келген 15,7 млн шетелдіктің 11,1 миллионын «турист» деп жіктеп, осы санды алға тартқанды ұнатады. Алайда халықаралық статистика бойынша, Шарын шатқалын тамашалауға немесе Шымбұлақта шаңғы тебуге келгендер ғана турист емес.

Заң алдында бәрі тең бе?

Тергеу нұсқасы бойынша 21 наурызда үш бірдей адамның өліміне кінәлі деп танылған Александр Пактың ісі сотталушы мен оның сыбайластары үшін белгісіз бір себептермен оңтайлы бағытқа бұрыла бастағандай көрінеді.