Евразия24ЖаңалықтарМәскеу Киевке Украина мен ЕО аумағында жүрген 20 ресейлік баланың тізімін тапсырды...

Мәскеу Киевке Украина мен ЕО аумағында жүрген 20 ресейлік баланың тізімін тапсырды – Галузин

|

|

СТАМБҰЛ. 23 шілде. INTERFAX – Ресей Украина аумағында жүрген немесе Украинадан Еуроодақ елдеріне шығарылған ресейлік балаларды елге қайтару мәселесін Стамбұлда өткен келіссөздерде көтеріп, украин тарапына нақты 20 баланың тізімін тапсырды. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мәлімдеді.

«Бүгін украин тарапының алдына Украина аумағында жүрген немесе Украинадан Еуроодақ елдеріне әкетілген ресейлік балаларды Отанына қайтару мәселесін қойдық», – деді Галузин келіссөз қорытындысы бойынша журналистерге берген мәлімдемесінде.

Сонымен қатар ол: «Бұл мәселені көтеріп қана қойған жоқпыз, Украина тарапының қолына нақты 20 баладан тұратын тізімді табыс еттік. Бұл тізімде балалардың аты-жөні және оларды Ресейге қайтару мәселесін шешу үшін байланыс орнатуға болатын заңды өкілдерінің мәліметтері көрсетілген», – деп атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.