Евразия24ЖаңалықтарМәскеу мен Вашингтон келіссөзге ашық екенін мәлімдеді

Мәскеу мен Вашингтон келіссөзге ашық екенін мәлімдеді

|

|

Мәскеу. 24 қазан. ИНТЕРФАКС.
Кремль Ресей мен АҚШ саммиті «болмай қалды» деп есептемейді. АҚШ президенті Дональд Трамп мұндай кездесудің болашақта өту мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтқан, ал бұл көзқарасты Ресей президенті Владимир Путин де қолдайды.

«Иә, президент Трамп қазіргі уақытта саммит өткізу туралы ойланбайтынын мәлімдеді. Дегенмен соңғы екі күн ішінде ол бірнеше рет мұндай кездесудің болашақта өтуін жоққа шығармайтынын айтты. Бұл пікірді президент Путин де қолдайды», – деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Кремль өкілінің айтуынша, Трамп та, Путин де бос кездесу өткізіп, уақытты зая кетіруді қаламайды. Мұндай саммиттің нәтижелі өтуі үшін екі елдің сыртқы саясат ведомстволары деңгейінде алдын ала нақты дайындық жүргізуі қажет.

Песков сондай-ақ саммиттің нақты мерзімі ешқашан аталмағанын еске салды: «Осы тұрғыдан алғанда, нақты уағдаластық болмаған нәрсені “болмай қалды” деу қисынсыз», – деп атап өтті ол.

Бұл мәлімдемесін Песков Украина президенті Владимир Зеленскийдің Будапештте өтуі мүмкін Ресей–АҚШ саммитін өзі “болдырмай тастады” деген сөзіне қатысты пікір білдіре отырып жасаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...