Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан теңгерімді және сындарлы сыртқы саясатты жалғастырады

Қазақстан теңгерімді және сындарлы сыртқы саясатты жалғастырады

|

|

Астана. 24 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН.
Қазақстан теңгерімді және сындарлы сыртқы саясат жүргізу бағытын жалғастырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Қазіргі әлем түбегейлі жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Бір жағынан, қақтығыс мен соғыстар тоқтамай тұр, екінші жағынан, жоғары технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Осындай күрделі ахуалға қарамастан, еліміз тұрақты дамуын жалғастырып келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан бүгінде барлық мемлекеттермен достық әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатқан ел ретінде танылып отыр. «Біздің мемлекет сенімді әріптес ретінде мойындалды. Соның нәтижесінде біз энергетика, көлік, логистика, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы және өзге де салаларға ірі инвестициялар тартып отырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның сөзінше, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда байыпты дипломатияға негізделген сыртқы саясаттың маңызы ерекше. «Барлық мемлекеттер өзара тіл табысып, ымыраға келуді үйренуі қажет деп санаймыз. Сенім мен өзара құрметті нығайтып, әріптестік қатынастарды дамыту маңызды», – деді Президент.

Мемлекет басшысы әділетке негізделген халықаралық қатынастар жүйесін қалыптастырудың маңызын атап өтіп, былай деді: «Әлемде барлық елдің мүддесін ескеретін әділ халықаралық тәртіп орнауы тиіс. Қазақстан жауапты әрі ықпалды мемлекет ретінде теңгерімді және сындарлы сыртқы саясат ұстанымын жалғастыра береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.