Евразия24ЖаңалықтарМәжіліс трансшекаралық өзендер мен көлдерді пайдалану туралы конвенцияға қосымша хаттаманы ратификациялау туралы...

Мәжіліс трансшекаралық өзендер мен көлдерді пайдалану туралы конвенцияға қосымша хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады

|

|

АСТАНА. 15 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «1992 жылғы трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға суды және денсаулықты қорғау мәселелері жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, хаттаманың мақсаты – халықтың денсаулығы мен амандығын қамтамасыз ету үшін су ресурстарын тұрақты басқару арқылы, сондай-ақ су арқылы таралатын аурулардың алдын алу және олардың таралу ауқымын шектеу шараларын жүзеге асыру.

Құжатта атап өтілгендей, бұл – әлемдік деңгейде сумен жабдықтау, санитария, гигиена және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне баса мән беретін алғашқы және әзірге жалғыз халықаралық келісім.

Хаттамаға қатысушы елдер өздеріне келесі негізгі міндеттемелерді алады: сумен жабдықтау, санитария, гигиена және денсаулық сақтау бойынша нақты және өлшенетін мақсатты көрсеткіштерді айқындау; су арқылы таралатын ауруларды бақылау және олардың алдын алу жүйесін құру мен жетілдіру; төтенше жағдайларға арналған іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету; халықты санитариялық талаптарға сай ауызсумен қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық үйлестіруді күшейту.

Хаттамаға қосылу арқылы Қазақстан ауыз суды қауіпсіз дайындау және жеткізу, ағынды суларды қайта өңдеу мен пайдаланудың заманауи технологиялары мен тәжірибелеріне қол жеткізе алады. Сонымен қатар, ел бірлескен бақылау және ерте ескерту жүйелерін әзірлеуге, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою жоспарларын жасауға қатыса алады.

Заң енді Сенаттың қарауына жіберілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.