Евразия24ЖаңалықтарNASA басшылығына жаңа үміткер: Трамп көлік министрін таңдады

NASA басшылығына жаңа үміткер: Трамп көлік министрін таңдады

|

|

ВАШИНГТОН. 10 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) уақытша жетекшісі ретінде көлік министрі Шон Даффиді тағайындауды ұсынды.

«Шон еліміздегі көлік саласындағы маңызды мәселелерді шешуде, оның ішінде заманауи әуе қозғалысын басқару жүйелерін қалыптастыруда үлкен жұмыс атқарып жатыр. Сонымен қатар жолдар мен көпірлерді қалпына келтіріп, оларды қайтадан тиімді әрі тартымды етіп жатыр», – деп жазды Трамп The Truth Social платформасында.

Президенттің пікірінше, Даффи тіпті қысқа мерзімге болса да, «күн санап маңызы артып келе жатқан ғарыш агенттігін» басқаруға лайықты жетекші болады.

Шон Даффи бұл тағайындауға әлеуметтік желіде: «Бұл – мен үшін зор мәртебе. Ғарышты бағындыратын уақыт келді», – деп жауап берді.

Айта кетейік, маусым айында Трамп күтпеген жерден миллиардер Джаред Айзекманның NASA басшысы қызметіне ұсынылған кандидатурасын қайтарып алды. Бұл шешім Сенат оны бекітпек болған күнге санаулы ғана уақыт қалғанда қабылданған болатын.

БАҚ өкілдері Айзекманның кандидатурасынан бас тартуды оның Демократтар партиясының белгілі өкілдерімен байланысы және оларға қаржылай қолдау көрсетуімен түсіндіреді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.