Евразия24ЖаңалықтарNASA Марс орбитасындағы Maven аппаратымен байланысын жоғалтты

NASA Марс орбитасындағы Maven аппаратымен байланысын жоғалтты

|

|

Вашингтон. 11 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – NASA агенттігі Марс орбитасында он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұрған Maven ғарыш аппаратымен байланыс үзілгенін хабарлады.

Байланыс өткен демалыс күндері күтпеген жерден тоқтаған. Maven Қызыл ғаламшардың арғы жағына өтер сәтке дейін жердегі станциялармен байланыс қалыпты болған, алайда оның қайта көрінуімен бірге байланыс толық үзілген. Қазіргі уақытта NASA мамандары ақаудың себептерін анықтауға кірісті.

2013 жылы ұшырылған Maven (Mars Atmosphere and Volatile Evolution – Марстың атмосферасы мен ұшпа қосылыстарының эволюциясы) миссиясы Марс атмосферасының жоғарғы қабаттарын және оның Күн желімен өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған болатын.

Сонымен қатар бұл аппарат NASA-ның екі марсоходы – Curiosity және Perseverance үшін байланыс ретрансляторы қызметін де атқарды.

Қазіргі уақытта NASA-ның Марс орбитасында әлі де жұмыс істеп тұрған екі ғарыш аппараты бар: Mars Reconnaissance Orbiter (2005 жылы ұшырылған) және Mars Odyssey (2001 жылы ұшырылған).

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...