Евразия24ЖаңалықтарНеміс стартапы Норвегия ғарыш айлағынан алғаш рет зымыран ұшырды

Неміс стартапы Норвегия ғарыш айлағынан алғаш рет зымыран ұшырды

|

|

ХЕЛЬСИНКИ. 6 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Германияның Isar Aerospace ғарыш стартапы сенбі күні кешке Норвегияның солтүстігіндегі ұшыру алаңынан Spektrum зымыранын ғарышқа ұшырды.

Норвегиялық БАҚ-тың хабарлауынша, зымыран Андёйя ғарыш айлағынан ұшырылып, орбитаға бес жерсерік шығарды. Олардың қатарында Норвегия өнеркәсібімен бірлесіп Orbit NTNU студенттік ұйымы әзірлеген елдің алғашқы FramSat-1 жерсерігі бар.

Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре Андёйядан сәтті жүзеге асқан ұшырылымды ел үшін үлкен жетістік деп атады.

«Бұл — тарихи күн! Андёйядан сәтті ұшырылған зымыран Норвегия үшін үлкен жетістік болды. Бұл Германия мен Норвегия арасындағы тығыз ынтымақтастықтың да нәтижесі», — деп келтіреді оның сөзін Норвегияның NRK қоғамдық телерадиокомпаниясы.

NRK мәліметінше, Еуропа аумағынан жерсеріктерді орбитаға шығару мүмкіндігінің Норвегия мен тұтас Еуропа үшін стратегиялық маңызы зор. Өйткені Норвегия мен Еуропаның қорғаныс саласы жерсеріктерге барған сайын көбірек тәуелді болып келеді.

Бұл — Isar Aerospace компаниясының зымыранды Жер орбитасына шығаруға жасаған екінші талпынысы. Бір жарым жыл бұрынғы алғашқы ұшырылым сәтсіз аяқталған: зымыран ұшқаннан кейін көп ұзамай жерге құлап, өртеніп кеткен.

Арктикада орналасқан Андёйя — Еуропада жұмыс істеп тұрған алғашқы ғарыш айлағы. Бұл жерден жылына 30-ға дейін зымыран ұшыруға болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония мен Оңтүстік Кореяның қор нарықтары өсті, Қытайда акциялар арзандады

Сәрсенбі күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор нарықтарында сауда әркелкі нәтижемен аяқталды.

Трамп Ресей америкалық Хаббардты босату үшін ешқандай шарт қоймағанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Ресей билігі америкалық Стивен Хаббардты түрмеден босату үшін Вашингтоннан ештеңе талап етпегенін мәлімдеді. Қазір Хаббард еліне қайтып бара жатыр.

Протекционизм Еуроодақта автокөлік өндірісінің қымбаттауына әкеледі

Еуропалық одақтың отандық автомобиль өнеркәсібін қорғауға бағытталған шаралары көлік өндірісінің өзіндік құнын арттырып, әлемдік жеткізу тізбектерінің қалыптасқан жүйесіне кері әсер етуі мүмкін.

Макрон Франциядағы наразылықтарға шетелдік күштердің араласқанын растайтын белгілер жоқ екенін мәлімдеді

Франция президенті Эмманюэль Макрон өткен демалыс күндері ел аумағында болған наразылық акцияларына шетелдік күштер тікелей араласпаған деп есептейді.