Евразия24ЖаңалықтарОңтүстік Корея Қазақстан Президентін ресми сапармен күтуде

Оңтүстік Корея Қазақстан Президентін ресми сапармен күтуде

|

|

Астана. 23 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАНОңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мён Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Сеул қаласына ресми сапармен келуге шақырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Сәрсенбі күні таратылған ақпаратта: «Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіккореялық көшбасшының шақыртуын ризашылықпен қабылдады. Сонымен қатар, ол 2026 жылы Сеулде өтетінОрталық Азия – Корея Республикасыформатындағы алдағы саммитке қатысуға дайын екенін растады», – делінген.

Телефон арқылы өткен әңгіме барысында мемлекет басшылары Қазақстанмен Корея арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екені нақтылады.

«Тараптар екі жақты серіктестіктің кең ауқымды бағыттары бойынша жан-жақты пікір алмасты. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды жандандыруға қызығушылық білдірді. Өнеркәсіп, энергетика, автокөлік құрастыру, білім және медицина салаларындағы ағымдағы және болашақ жобаларды тиімді іске асырудың маңыздылығы атап өтілді», – деп көрсетілген хабарламада.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Платформа бар, нәтиже жоқ

Мемлекеттік органдар елдегі жұмыссыздықты төмендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстың сандық көрсеткіштері туралы кезекті мәлімет ұсынып отыр. Азаматтарға білім беру және кәсіби дағдыларын жаңартуға мүмкіндік жасау маңызды екені сөзсіз. Сонымен қатар мемлекеттік шаралардың тиімділігін бағалау үшін оқудан өткен азаматтардың ресми түрде жұмыспен қамтылғаны жөніндегі деректердің ашық түрде жариялануы орынды болар еді.

Кәсіпкерлікке кепілдендірілген сұраныс: саясат және сараптамалық көзқарас

Кепілдендірілген сұраныс, оффтейк-шарттар, өндірісті жергіліктендіру және квоталар – бұл дамушы өнеркәсіптік елдер жүргізіп отырған саясаттың кең таралған элементтері. Мысалы, Оңтүстік Кореяда ұзақ мерзімді оффтейк-келісімдер мен мемлекеттік тапсырыстар негізінде Samsung, Hyundai және LG сияқты ірі компаниялар қалыптасты.

Еуроодақ пен Ұлыбритания: ішкі дағдарыс және геосаяси салдар

Еуропалық одақ пен Ұлыбританияның саяси аппарат қызметкерлері даңғаза мәлімдемелерінің тасасында «кәрі Еуропаның» терең дағдарысқа ұшырағаны айқын байқалады. Еуропа құрлығында Черчилль, де Голль немесе Аденауэр деңгейіндегі саяси көшбасшылар пайда болған жағдайда, германдық рейхтер бағытындағы трансформациялардан қашып құтылу мүмкін емес. Бұл өз кезегінде милитаризацияға, нәсілдік теориялардың түрлі нұсқаларының қайта жандануына және көрші елдермен жоғары қарқынды соғыстарға әкелуі ықтимал.

КҚК шектеуіне жауап: экспорт қайта бағдарланды

Қазақстан мұнайының сыртқы нарықтарға жеткізілуі уақытша шектеулерге тап болуы мүмкін. Бұған Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында шварттық құрылғылардың бірінің жоспарлы жөндеуден өтуі және екіншісінің дрон шабуылы салдарынан істен шығуы себеп болып отыр.