Евразия24ЖаңалықтарОПЕК+ тобының «сегіздігі» мұнай нарығындағы ахуалды және өндіру саясатын талқылайды

ОПЕК+ тобының «сегіздігі» мұнай нарығындағы ахуалды және өндіру саясатын талқылайды

|

|

Мәскеу. 7 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Жексенбі күні ОПЕК+ альянсына мүше сегіз ерікті елдің министрлері онлайн форматта бас қосып, мұнай нарығындағы ағымдағы жағдайды талқылап, алдағы өндірістік саясат жөнінде шешім қабылдайды.

Bloomberg агенттігінің жұма күнгі деректеріне сәйкес, ОПЕК+ келісімінің көшбасшыларының бірі – Сауд Арабиясы – ұйым мүшелерінің өндірісті жедел арттыруын ұсынып, нарықтағы өз үлесін қалпына келтіруді көздеп отыр. Алайда бұл ұсыныс әзірге нақты шешімге айналған жоқ. «Интерфакс» агенттігінің кездесуге дайындық барысынан хабардар дереккөздері де бұл мәселенің әлі кеңінен талқыланбағанын мәлімдеді.

Биыл сәуірден қыркүйекке дейін ОПЕК+ құрамындағы сегіз елге тиесілі тәулігіне 2,2 млн баррель көлеміндегі шектеулер кезең-кезеңімен жойылды. Қазіргі таңда 1,65 млн баррель/тәу деңгейіндегі шектеулер 2026 жылдың соңына дейін күшінде.

Тамыз айының басында өткен алдыңғы кездесу барысында «Интерфакс» дереккөздерінің хабарлауынша, сегіз ел қалған шектеулерді мерзімінен бұрын жою мүмкіндігін көтерген. Алайда бұл шешім нарықтық ахуал мен серіктестердің келісімдерді орындауына тікелей байланысты болмақ.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак бейсенбі күні алдағы жиын барысында жаһандық нарықтардағы ағымдағы жағдайға талдау жасалатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесі күн тәртібінде жоқ. «Біз әрқашан нарықтағы ахуал мен болжамдарды ескере отырып, нақты шешімді сол жерде қабылдаймыз», – деді Новак.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 2-бөлім

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, спортты тиімді дамыту коммерциялық индустрия (кәсіби лигалар, медиақұқықтар, демеушілік) мен қоғамдық бастамалардың (бұқаралық спорт, мемлекеттік бағдарламалар, қызығушылықтар бойынша клубтар) өзара үйлесіміне негізделеді. Бұл элиталық спорттың қаржылық тұрақтылығын да, спорттың қолжетімділігі арқылы ұлт саулығын да қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуметтік бірігу мен инвестициялық тартымдылықты қалыптастырады. В. Ледневтің пайымдауынша, қазіргі заманғы әлемдік спорт пирамидасы көптеген спорттық «архитекторлар мен конструкторлардың» күшімен құрылған.

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...