Евразия24ЖаңалықтарОрталық Азия елдері мен Әзербайжан СІМ басшылары Таяу Шығыстан азаматтарды эвакуациялау бойынша...

Орталық Азия елдері мен Әзербайжан СІМ басшылары Таяу Шығыстан азаматтарды эвакуациялау бойынша өзара қолдау көрсетуге келісті

|

|

Астана. 3 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Таяу Шығыста қалыптасып отырған әскери-саяси ахуал жөнінде пікір алмасты. Тараптар дағдарыс жағдайында үйлестіруді күшейтіп, жедел іс-қимылды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеше кешкісін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжанның СІМ басшысы Жейхун Байрамовпен, Қырғызстанның СІМ басшысы Жээнбек Кулубаевпен, Тәжікстанның СІМ басшысы Сироджиддин Мухриддинмен, Түрікменстанның СІМ басшысы Рашид Мередовпен және Өзбекстанның СІМ басшысы Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.

Көшербаев Әзербайжан мен Түрікменстан тарапына эвакуациялық шаралар мәселесіндегі сындарлы өзара іс-қимыл үшін алғыс білдірді.

«Тараптар азаматтарды ықтимал эвакуациялау ісін ұйымдастыруда қажетті қолдау көрсетуге әзір екенін растады, сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша тығыз жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті», – делінген хабарламада.

Әңгімелесушілер жанжалдарды тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу ұстанымына, халықаралық құқық нормаларын сақтауға және өңірлік қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш-жігерді біріктіруге ортақ бейілділігін растады.

СІМ мәліметінше, Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың шиеленісуі аясында қазақстандық дипломаттар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өңір елдеріндегі шетелдік мекемелер жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, жергілікті билік органдарымен және сол елдердегі қазақстандықтармен үздіксіз байланыс орнатқан. Сондай-ақ жедел әрекет ету және консулдық-құқықтық көмек көрсету мақсатында әуежайларға тұрақты түрде шығу ұйымдастырылуда.

«Дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері тәулік бойы жедел байланыс арналары мен мессенджерлердегі жұмыс чаттары арқылы азаматтармен байланыста. Өңірде және транзиттік аймақтарда жүрген қазақстандықтардың тізімі жаңартылып отырады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының зардап шеккен азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ», – деп атап өтті ведомство.

Соңғы деректерге сәйкес, шиеленіс аймағындағы қазақстандықтардың ең көп бөлігі дәстүрлі түрде туристік бағыттар, қажылық орындары және ірі транзиттік тораптар саналатын елдерде орналасқан. Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 3,5 мың, Сауд Арабиясында – шамамен 3 мың, Қатарда – 1,5 мыңға жуық азамат бар.

Өңірдің басқа елдеріндегі жағдай бойынша: Иранда – 82, Бахрейнде – 168, Кувейт пен Иорданияда – әрқайсысында 134, Израильде – шамамен 100 Қазақстан азаматы тіркелген.

Әскери іс-қимылдар басталғаннан бері өңірдің көпшілік елдерінде әуе кеңістігі жабылған. Әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты Қазақстанның шетелдік мекемелері туристік компаниялармен бірлесіп, отандастарды қонақүйлерге уақытша орналастыру шараларын жүргізуде.

«БАӘ аумағындағы қазақстандықтарға жағдай тұрақталғанға дейін қонақүйде тұру және тамақтану қамтамасыз етілді. Бұған дейін хабарланғандай, шиеленіс аймақтарынан азаматтарды ықтимал эвакуациялау бағыттары мен тетіктері пысықталуда. Қауіпсіздік мақсатында жергілікті билік органдары өз бетінше қозғалысты шектеуге кеңес береді. Эвакуациялық рейс ұйымдастырылған жағдайда, ең алдымен халықтың осал санаттары – қарттар, әйелдер мен балалар шығарылатын болады», – деп мәлімдеді СІМ.

Дипломаттардың мәліметінше, бұған дейін Тегеран қаласынан «Заркух» компаниясының, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының өкілдері және дипломатиялық миссия қызметкерлерін қоса алғанда, 50 Қазақстан азаматы эвакуацияланған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

130 млрд долларлық баж: сот Трамп әкімшілігіне қаражатты қайтаруды жүктеді

АҚШ-тың Халықаралық сауда мәселелері жөніндегі федералдық сотының судьясы Ричард Итон ел президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне өткен жылы енгізілген жаһандық импорттық баждар есебінен жиналған 130 млрд доллардан астам қаржыны импорттаушыларға қайтару рәсімін бастауды міндеттеді.

БАӘ әскери күштері алты баллистикалық зымыран мен 120-дан астам дронды атып түсірді

Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе қорғанысы жүйелері бейсенбі күні алты баллистикалық зымыран мен 125 ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді. Бұл туралы The National басылымы хабарлады.

Франция БАӘ-ге қосымша алты Rafale жойғыш ұшағын жіберді

Францияның Қарулы күштер министрі Катрин Вотрен Париж Біріккен Араб Әмірліктеріне қосымша алты Rafale жойғыш ұшағын жібергенін мәлімдеді.

ИРСК Израильдегі Бен-Гурион әуежайына ауыр зымырандармен соққы жасалғанын мәлімдеді

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) бейсенбі күні таңертең Тель-Авив маңындағы Бен-Гурион атындағы әуежайға зымырандар атылғанын хабарлады.