Евразия24ЖаңалықтарПремьер-министр оңтүстік өңірлердегі суармалы судың берілуіне қатаң бақылау орнатуды тапсырды

Премьер-министр оңтүстік өңірлердегі суармалы судың берілуіне қатаң бақылау орнатуды тапсырды

|

|

Астана, 17 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын аз түскеніне қарамастан, вегетациялық кезең жоспарлы түрде өтіп жатыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов оңтүстік өңірлерді суармалы сумен қамтамасыз ету және вегетациялық кезеңнің өту барысы жөнінде арнайы кеңес өткізді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елдегі су қоймаларында жинақталған су көлемі – 19,2 млрд текше метр. Оның 98%-ы Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы суармалы алқаптарға жұмсалады. Аталған өңірлерде 1,2 млн гектар жер суарылады.

Ағымдағы суару маусымында бұл облыстарға 10,1 млрд текше метр су беру жоспарланған, оның ішінде 15 шілдеге дейін 7 млрд текше метр су алынған, қалған 3,1 млрд текше метр су вегетациялық кезеңнің соңына дейін жеткізіледі деп күтілуде.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, Алматы және Жетісу облыстарында ауыл шаруашылығы жерлерін сумен қамтамасыз ету тұрақты деңгейде. Жамбыл облысында да вегетациялықкезең жоспарлы түрде өтуде. Шу-Талас су бассейнінде су шаруашылығы жағдайы тұрақты, және ол ұдайы мониторингте тұр. Аталған бассейнде сәуір-қыркүйек айлары аралығында 625 млн текше метр су беру жоспарланған.

Түркістан және Қызылорда облыстарында вегетациялық кезең орташа мерзіммен салыстырғанда 20 күнге ерте басталды. Топырақтың үстіңгі қабатының ылғалдылығы төмен болғандықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарының суға сұранысы бастапқы кезеңде 50%-ға артқан, бұл өз кезегінде суару көздеріне қосымша салмақ түсіріп отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов қолда бар су ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалану ісіне қатаң бақылау орнатуды, ал Түркістан облысының әкімдігіне тұрғындарды үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін алдын ала кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі қазіргі келіссөздер күтілгеннен нәтижелі болуы мүмкін

Қазіргі кезеңде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер көпшілік күткендегіден анағұрлым нәтижелі болуы ықтимал

Египет пен Түркия байланыстарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеріп, қару-жарақ өндірісі мен барлау саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр

Египет пен Түркия өзара қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеруді, қару-жарақты бірлесіп өндіруді және барлау деректерімен алмасуды көздеп отыр

Қазақстан Мәжілісі еңбек құқықтарын қорғауға қатысты түзетулерді қабылдады. Құжатта әкелерге берілетін бала күтімі демалысын еңбек өтіліне есепке алу ұсынылады

Қазақстан Мәжілісі еңбек құқықтарын қорғауға қатысты түзетулерді қабылдады. Құжатта әкелерге берілетін бала күтімі демалысын еңбек өтіліне есепке алу ұсынылады

Қазақстан Мәжілісі ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялауды мақұлдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста «Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, бір тараптан, және Моңғолия, екінші тараптан, арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңды қабылдады.