Евразия24ЖаңалықтарСирия үкіметінің қарулы күштері Эс-Сувейда провинциясынан шығарылды

Сирия үкіметінің қарулы күштері Эс-Сувейда провинциясынан шығарылды

|

|

Иерусалим, 17 шілде. ИНТЕРФАКС Израильдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сирия үкімет әскері друз топтарымен қақтығыс болған Эс-Сувейда провинциясынан шығарылды.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, бұл шешім сәрсенбі күні қол жеткізілген келісім аясында қабылданған. Құжатқа сәйкес, провинция аумағында атысты тоқтату режимі енгізіледі. Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жергілікті билік пен друз қауымының рухани көшбасшыларынан құралған бірлескен комитетке жүктеледі.

Бұған дейін, 14 шілдеде Эс-Сувейдада Сирия үкімет әскері мен друз жасақтары арасында орын алған қақтығыс салдарынан кемінде 34 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Осы оқиғадан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сирияның оңтүстік-батысындағы қарусыздандырылған аймақты сақтау және онда тұратын друз қауымын қорғау жөніндегі Израильдің міндеттемелерін еске салған.

Сонымен қатар, сәрсенбі күні Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Сирия Қарулы күштері Бас штабының ғимараты мен Дамасктегі президент сарайына әуе соққыларын жасады.

Айта кетейік, друздер – Ливан, Сирия, Иордания және Израильде өмірсүретін этноконфессиялық араб қауымы. Олар таухид деп аталатын ерекшедіни сенімді ұстанады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қытайдағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан туристік сұраныс тұрақты

Биыл жазда Қытай аумағында болған бірнеше тайфун туристердің турлардан бас тартуына немесе сұраныстың төмендеуіне әсер еткен жоқ.

Азия қор нарықтарында әркелкі динамика байқалдым

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері сейсенбідегі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады. Жапон биржасы жумыс демалыста жұмыс істеген жоқ .

ЕО газ қоймаларындағы қор бес жылдық орташа деңгейден төмен

Еуропаның жерасты газ қоймаларындағы қор 9 тамыздағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 59,12%-ға дейін өсті.

Доллар негізгі валюталарға қатысты тұрақты, нарық статистикалық деректерді күтуде

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуроға, иенаға және фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.