Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Эстонияның теңіз порттарына қол жеткізуге мүдделі

Қазақстан Эстонияның теңіз порттарына қол жеткізуге мүдделі

|

|

АСТАНА. 17 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Эстониямен сауда қатынасын дамытуға және оның теңіз порттарын пайдалану мүмкіндігіне мүдделі. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы ресми сапармен келген Эстония Президенті Алар Кариспен кездесуде айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Эстонияны маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.
«Біз сіздердің теңіз порттарыңызға қол жеткізуге, екіжақты сауданы дамытуға, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі секілді халықаралық ұйымдар аясында конструктивті байланыстарды нығайтуға айрықша қызығушылық танытамыз», – деді Президент Тоқаев.

Президент екі ел арасында елеулі проблемалар мен кедергілер жоқ екенін атап өтті.
«Сонымен қатар, өзара ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор, оны толық пайдалануымыз қажет. Сауда саласында белгілі бір қиындықтар бар болғанымен, оң өзгерістер де байқалады», – деді ол.

Өз кезегінде, Эстония Президенті Алар Карис екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті.
«Әрине, белгілі бір тосқауылдар бар, бірақ оларды еңсеруге болады. Кейде біз оларды жою соншалықты қиын еместігін ұмытып кетеміз», – деді Карис.

Ол Қазақстан мен Эстония кәсіпкерлері бірлескен жобаларды белсенді түрде талқылап жатқанын, бірнеше өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жоспарланғанын мәлімдеді.
«Қазіргі геосаяси жағдай тұрақты емес, бірақ біз туындаған сын-қатерлерді бірлесіп еңсеруге тиіспіз», – деді Эстония Президенті.

БҰҰ туралы айта келіп, Карис бұл ұйымның маңызды құрылым екенін, бірақ қазіргі заманда қақтығыстар мен соғыстардың азаюы үшін оны белгілі бір деңгейде реформалау қажеттігін айтты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...