Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті жасанды интеллект туралы заңға қол қойды

Қазақстан Президенті жасанды интеллект туралы заңға қол қойды

|

|

Астана. 17 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Аталған заңда жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерінің жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары айқындалған. Атап айтқанда, жауапкершілік пен бақылауға бағыну қағидаты бекітіліп, жүйелерді иеленушілер, иелері мен пайдаланушылар өз рөлдеріне сәйкес жауапты болатыны көрсетілген. Иеленушілер мен иелерге тәуекелдерді басқару, қауіпсіздік пен сенімділікті қамтамасыз ету, пайдаланушыларды қолдау сынды міндеттер жүктеледі.

Сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында Қазақстан аумағында кейбір мүмкіндіктерге ие ЖИ жүйелерін жасау мен қолдануға тыйым салынды. Оларға бейсаналыққа әсер ететін, манипулятивтік әдістерді қолданатын, сондай-ақ жеке деректерді заң талаптарын бұза отырып жинап, өңдейтін жүйелер жатады.

Жасанды интеллект көмегімен жасалған өнімдер, қызметтер мен жұмыстар туралы қоғамның хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы таңбалау (маркировка) талаптары енгізілді.

Сондай-ақ, ұлттық жасанды интеллект платформасының құқықтық негізі қалыптастырылды. Бұл платформа ЖИ модельдерін жасау, үйрету және сынақтан өткізу үшін шектеулі мерзімде пайдаланылатын бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеуге арналған.

Президент сонымен бірге, «Жасанды интеллект пен цифрландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заңға да қол қойды.

Аталған заңмен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің Қазақстан аумағында айналымы реттеледі. Бұған дейін мұндай активтерді айналымға енгізуге тек «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) аясында ғана рұқсат етілген болатын.

Азаматтардың жеке деректерінің қорғалу деңгейін арттыру мақсатында оларды өңдеуге берілетін келісім мерзіміне шектеу қойылды. Енді келісім тек нақты мақсатқа жетуге қажетті мерзім шегінде ғана жарамды болып есептеледі. Деректер субъектісі немесе оның заңды өкілі жеке деректерді жинауға, өңдеуге берген келісімін кері қайтарып, деректер иесіне, операторы мен үшінші тұлғаға тиісті хабарлама жібере алады.

Сонымен бірге, тауарларды таңбалау механизмін жетілдіру үшін ішкі бөлшек сауда субъектілеріне кассалық бақылау құрылғылары арқылы сәйкестендіру құралдарын оқу жолымен операцияларды тіркеу талабы енгізілді.

Бұдан бөлек, заңмен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптар күшейтілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тайвань Қытай әскерінің қозғалысын жедел анықтайтын жасанды интеллект жүйесіне тапсырыс берді

Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.

Тунисте президент саясаты мен экономикалық жағдайға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр

Сенбі күні Тунисте президент Каис Саидтың саясатына қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Трамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.

Осы аптада Ормуз бұғазы маңында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалды

Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.