Евразия24ЖаңалықтарФранция мен Германия жойғыш ұшақ жасау жобасының орнына әскери мәлімет алмасу желісін...

Франция мен Германия жойғыш ұшақ жасау жобасының орнына әскери мәлімет алмасу желісін құруды қарастыруда

|

|

Лондон. 17 қараша. ИНТЕРФАКС – Франция мен Германия келешек ұрпаққа арналған ортақ истребитель жасау бойынша франко-герман-испан жобасын (Future Combat Air System – FCAS) ауқымы азырақ, әскери деректермен алмасуға арналған жүйе құру жобасына ауыстыру мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Financial Times (FT) басылымы.

“Екі елдің шенеуніктері осы аптада өткен жоғары деңгейдегі кездесулер барысында серіктестікті бірлескен “таратылған жауынгерлік желіге” дейін шектеу нұсқасы талқыланғанын айтты. Бұл – ұшқыштар мен истребительдерді сенсорлармен, радарлармен, дрондармен, сондай-ақ құрлықтағы және теңіздегі командалық орталықтармен байланыстыратын интерфейс ұғымы. Айта кету керек, бұл FCAS жобасының басты элементтерінің бірі”, – делінген мақалада.

FT дереккөзі атап өткендей: “Еуропада әртүрлі үлгідегі истребительдердің болуы мүмкін, бірақ олардың бәріне ортақ жауынгерлік ақпарат алмасу желісі қажет”.

Басылымның мәліметінше, бұл тәсіл жобадағы елдерге FCAS аясындағы ынтымақтастықтың белгілі бір форматын сақтап қалуға мүмкіндік береді, алайда түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

Жобаның тағдыры дүйсенбі күні Францияның қорғаныс министрі Катрин Вотрен мен Германияның қорғаныс саласындағы әріптестері арасындағы келіссөздерде қаралады. Ал сейсенбі күні Германия канцлері Фридрих Мерц пен Франция президенті Эммануэль Макрон бұл мәселені жеке талқылайтын болады.

Бұған дейін FCAS бағдарламасы жобаны іске асырудағы кідірістер мен қай елдің жұмыс көлемінің көп бөлігін иеленетініне қатысты келіспеушіліктерге байланысты тоқтатылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Берлиндегі жағдайдан хабардар дереккөздің айтуынша, Германия билігі қазір қорғаныс қажеттіліктеріне қарыз тартуға қойылған конституциялық шектеулерді жеңілдетіп, Францияға тәуелді болмайтындай қаржылық мүмкіндіктерге ие.

“Қазіргі таңда жоба толығымен тоқырап тұр, тіпті өлім аузында десе де болады. Тараптар бір-біріне сенуден қалған, келісім талаптарын бұзды деп бірін-бірі айыптауда. Мұны қалпына келтіру мүмкін емес”, – деп сипаттады жағдайды FT-ге француз банк саласының өкілі.

Сонымен бірге ол Еуропа елдеріне АҚШ-қа тәуелсіз әскери ақпараттық желі қажет екенін де атап өтті. “Көптеген еуропалықтар біз қандай да бір жағдайда америкалықтардың қолдауынсыз жалғыз қалуымыз мүмкін екенін түсінеді”, – деді ол.

Айта кетсек, әскери мәлімет алмасу желісін немістің Airbus компаниясының қорғаныс бөлімшесі, Францияның Thales Group және Испанияның Indra Sistemas компаниясы бірлесіп әзірлеуде. Бұл желі жасанды интеллект технологияларын қолданып, ақпаратты өңдеу үдерісін жеделдетуге және ЕО қарулы күштерінің мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Францияда аптап ыстыққа байланысты дүйсенбіде 845 мектеп пен колледж жабылады

Францияда рекордтық аптап ыстықтың салдарынан дүйсенбі күні елдің бірқатар өңірінде 845 мектеп пен колледждің жұмысы уақытша тоқтатылады.

АҚШ делегациясы Швейцарияда Пәкістан премьер-министрі және армия басшысымен кездесті

АҚШ делегациясы Иранмен өтетін келіссөздер алдында Швейцарияның Бюргеншток елді мекенінде пәкістандық делдалдармен кездесті.

Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан президенті әкімшіліктері арасындағы ықпалдастықты дамытудың маңызын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекет басшылары әкімшіліктері деңгейіндегі белсенді өзара іс-қимылды дамытуды қолдайтынын мәлімдеді.

Тоқаев 22–23 маусымда Брюссельге ресми сапармен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22–23 маусым күндері Брюссель қаласына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.