Евразия24ЖаңалықтарЭстониялық бизнес Қазақстанға инвестиция салуға дайын

Эстониялық бизнес Қазақстанға инвестиция салуға дайын

|

|

АСТАНА. 17 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Эстония кәсіпкерлері Қазақстанда пайда болатын мүмкіндіктерге қарай инвестиция салуға дайын. Бұл туралы Эстония Президенті Алар Карис Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында мәлімдеді.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы біз үшін ең маңызды экономикалық әріптес. Эстония Еуропалық Одақ нарығына шығу үшін сіздердің сенімді серіктестеріңіз болуға әзір. Эстониялық бизнес өкілдері тек транзит және логистика салаларымен шектелмей, инвестиция салуға дайын, егер тиісті мүмкіндіктер болса», – деді Карис Астанада өткен келіссөздерде.

Оның айтуынша, Эстониядан келген бизнес-делегация құрамында логистика, киберқауіпсіздік, білім беру және технология салаларында жұмыс істейтін 40 компания бар.

«Екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуда үлкен әлеует бар. Әсіресе, Еуроодақтың санкциялық саясатын ескере отырып, сауда қатынастарын дамыту маңызды. Өзара түсіністік туралы келісімге қол қою сауда байланыстарын нығайтуға сеп болады. Біз, Еуроодақтың мүшесі ретінде, Орталық Азияның стратегиялық әріптес екеніне қуаныштымыз. Бұл ретте Қазақстан – аймақтағы көшбасшы», – деп атап өтті Эстония Президенті.

Сондай-ақ ол Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен көлік және өзара байланысты дамыту бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін, әсіресе Global Gateway (ЕО-ның Жаһандық қақпасы) бағдарламасы аясында балама көлік дәліздерін ілгерілетуге қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Өз кезегінде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда логистика, пошта қызметі және көлік саласында 80-нен астам эстон компаниясы жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Сіздердің бизнес саласындағы белсенді қатысуларыңыз Қазақстанға деген зор қызығушылықты көрсетеді. Біз эстондық компаниялардың жобаларын қолдауға дайынбыз. Қазақстан цифрлық инновациялар, көлік және логистика, энергетика, стратегиялық маңызды минералдар, жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы және басқа да бағыттар бойынша эстон инвесторларына ашық, болжамды және тартымды жағдай ұсынуға әзір», – деді Тоқаев.

Қазақстан Президенті экономикалық ынтымақтастық Эстониямен серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтіп, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемін екі есе арттыруға ниетті екенін жеткізді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тайвань Қытай әскерінің қозғалысын жедел анықтайтын жасанды интеллект жүйесіне тапсырыс берді

Тайвань билігі спутниктен түсірілген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдап, Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) күштерінің орналасуындағы өзгерістерді жедел анықтайтын жүйені сатып алуға келісімшарт жасасты. Бұл туралы сенбі күні South China Morning Post басылымы хабарлады.

Тунисте президент саясаты мен экономикалық жағдайға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр

Сенбі күні Тунисте президент Каис Саидтың саясатына қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Батыс ақпарат құралдары хабарлады.

Трамп әзірге Ресейден энергия ресурстарын сатып алатын елдерге баж салығын енгізбеуге шешім қабылдады

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл күзде өзі қол қойған «Грэм заңында» көзделген бірқатар ауқымды санкцияны әзірге қолданбау туралы шешімін Конгреске хабарлады. Бұл туралы сенбіге қараған түні Ақ үй мәлімдеді.

Осы аптада Ормуз бұғазы маңында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалды

Осы аптада Ормуз бұғазы мен оған жақын теңіз аймақтарында сауда кемелеріне кемінде 12 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) хабарлады.