Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан мен Өзбекстан президенттері жалпы құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бірлескен...

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жалпы құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бірлескен жобаларды іске қосты

|

|

Астана. 15 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейнебайланыс режимінде Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, жалпы құны 1,2 миллиард АҚШ долларын құрайтын жеті жоба іске қосуға дайындалды. Олар өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларын қамтиды.

Мемлекет басшылары символикалық батырманы басу арқылы Сырдария және Түркістан облыстарында орналасқан “Орталық Азия” Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының, Ташкент қаласындағы Tenge Bank-тің бас кеңсесінің, Ташкент облысындағы көпсалалы логистикалық орталық құрылысының, Жаңа Ташкенттегі “Астана” тұрғын үй кешені мен “Астана” қонақүй кешенінің, Қашқадария облысындағы алкилбензол өндіретін мұнай-газ химия кешенінің және Қазақстан астанасындағы “Ташкент” қонақүй кешенінің жұмысына ресми түрде бастама берді.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14–15 қараша күндері Ташкент қаласында мемлекеттік сапармен барды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Кувейттің KPC компаниясы мұнай-химия нысандарына дрондармен жасалған шабуыл туралы хабарлады

Кувейттің мемлекеттік Kuwait Petroleum Corporation компаниясы мұнай өндіру және мұнай-химия нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуыл туралы мәлімдеді.

ОПЕК+ елдерінің бір тобы мамырда мұнай өндіруді ұлғайтуға келісті

ОПЕК+ келісімі аясында бұрын мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартқан сегіз мемлекет мамыр айында өндіріс көлемін тәулігіне 206 мың баррельге арттыру жөнінде ортақ ұстанымға келген.

АҚШ арнайы жасағы Иранда ұшқышты құтқару операциясы кезінде қақтығысқа түсті

АҚШ арнайы жасағы Иран аумағында жүргізілген құтқару операциясы барысында ирандық күштермен қақтығысқа түсті.

Израиль бір тәулікте Ирандағы 120-дан астам әскери нысанаға соққы жасады

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мәліметінше, Израиль әуе күштері бір тәулік ішінде Иран аумағындағы 120-дан астам әскери нысанаға соққы берген.