Евразия24ЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Өзбекстан әлеуетін біріктіру арқылы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Өзбекстан әлеуетін біріктіру арқылы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады

|

|

Астана. 15 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан өз мүмкіндіктерін біріктіру арқылы өңірлік азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі бола алатынын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауыл шаруашылығы саласында тығыз ынтымақтастық орнату – басым бағыттардың бірі. Бұл салада Қазақстан мен Өзбекстанның ресурстық, өндірістік және кадрлық әлеуеті жеткілікті. Осы мүмкіндіктерді біріктіру арқылы біз бүкіл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жаһандық нарықтардағы позицияларымызды айтарлықтай нығайта аламыз», – деді Президент Ташкенттегі мемлекеттік сапары барысында өткен бұқаралық ақпарат құралдарына арналған бірлескен брифингте.

Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінде бірқатар бірлескен жобалар, соның ішінде астық пен ет-сүт өнімдерін өңдеу бағыттары қарастырылып жатқанын айтты. «Агросектордағы бірлескен жобаларды жан-жақты қолдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткіздік», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 6 мыңнан астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тараптар өнеркәсіп, автомобиль жасау, құрылыс және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кезең-кезеңімен кеңейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Импортқа тәуелділіктің кері әсері

Импорт бағасына қатысты соңғы деректер Қазақстанға импорттық инфляцияның не екенін және сыртқы жеткізілімдерге тәуелділіктің түптің түбінде ішкі нарықтағы бағаға қалай әсер ететінін тағы бір мәрте көрсетті.

Бағаны тежеу шаралары: халықтың Үкіметке деген сенімі қандай?

Жуырда Мәжіліс кулуарында журналистер мен Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин арасында қызықты әңгіме өрбіді. Журналистер одан азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы сұрағанда, бұқаралық ақпарат құралдарының қызанақ, қарақұмық пен қырыққабат сынды жемістердің арзандағанына назар аудармай отырғанын айтты. Сонымен қатар шенеунік өз отбасында сатып алу жұмыстарымен жұбайы айналысқандықтан, отбасылық шығындарды қадағаламайтынын ашық жеткізді. Ұлттық экономика министрлігіндегі осы бір көңіл-күйге қарап, инфляцияны ауыздықтай алған үкімет үшін қуануға да болар еді. Соған қарамастан, ресми статистика көрсеткіштері мен халықтың баға ахуалын шынайы бағалауы арасындағы айырма жойылар емес.

Қазақстанда бизнес жаңа өндірістік кезеңге бет алды

ЕАДБ 2026 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің 6,7%-ға өскенін тіркеп отыр. Бұл — бизнестің жоспарларын бір тоқсанмен ғана шектемей, алдағы бірнеше жылға бағыттап отырғанының айқын оң көрсеткіші.

Жапония мен БҰҰ Каспий бойынша бірлескен жобаны бастады

Жапонияның БҰҰ-мен бірге Каспийдің экологиялық мәселелерін шешуге қатысуы туралы жаңалықтың өзі көп жайтты аңғартады. Ең алдымен, Жапония мен Каспий аймағының географиялық тұрғыдан алшақтығын ескерсек, мәселенің тек Каспий маңы елдерінің шеңберінен әлдеқашан шығып кеткені байқалады.