Евразия24ЖаңалықтарОрталық Азия елдері мен Әзірбайжан арасындағы әріптестік өңірлік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді

Орталық Азия елдері мен Әзірбайжан арасындағы әріптестік өңірлік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді

|

|

Астана. 16 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері форматына Әзірбайжанның қосылуын құптай отырып, мұндай әріптестіктің басты міндеті – өңірдегі тұрақтылықты күшейту екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевті жылы қарсы алып, оның Консультативтік кездесу форматына толыққанды қатысушы ретінде қосылуын тарихи шешім деп атады. Президент Бакудің жаңа мәртебесінде өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді», – делінген Қазақстан Президентінің Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде сөйлеген сөзіне байланысты таратылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Консультативтік кездесулердің тиімділігін атап өтті.

«Орталық Азия қазіргі таңда ауқымды өзгерістер кезеңінен өтіп жатыр. Шекаралардың жабықтығы мен оқшаулану кезеңі артта қалды деп сеніммен айтуға болады. Ортақ күш-жігермен қол жеткізілген өңірлік бірлік мемлекеттеріміз үшін даму мен халықаралық ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктерін ашып отыр. Өңірдің жаһандық үдерістердегі рөлі жетекші державалар тарапынан мойындалып келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, осындай жағдайда “Орталық Азия +” форматтарына қызығушылық артып келеді. Бұл ретте, ағымдағы жылы шетелдік серіктестермен өткен саммиттерді мысал ретінде келтіруге болады.

«Менің ойымша, мұндай әріптестіктің басты міндеттері – өңірдегі тұрақтылықты нығайту, орнықты даму мен өркендеуге жағдай жасау, мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың әл-ауқаты мен тұрмысын жақсарту. Басты мақсат – Орталық Азияны қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамып келе жатқан, жан-жақты ынтымақтастық орнаған, бейбітшілік пен гүлденудің өңірі ретінде нығайту», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Сауд Арабиясының мұнай құбырына жасалған дрон шабуылы Ирак аумағынан басталған

ДУБАЙ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Сауд Арабиясының «Шығыс –...

Путин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілдікті кеңейтуді ұсынды

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына...

Путин БРИКС елдерін халықаралық экономикалық ұйымдардағы іс-қимылды үйлестіруге шақырды

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БРИКС елдері Халықаралық валюта...

Йемендік хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазындағы стратегиялық аралды басып алды

ВАШИНГТОН. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Йемендік хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазының...