Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Парламенті ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялады

Қазақстан Парламенті ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялады

|

|

Астана. 12 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары бейсенбі күнгі жалпы отырыста Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және оған мүше мемлекеттер мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы заңды мақұлдады.

Бұған дейін құжат Мәжілісте қабылданған болатын. Осылайша, заң Парламент тарапынан толық қабылданып, Президенттің қол қоюына жолданды.

ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы келісім 2025 жылғы 27 маусымда Минскіде қол қойылған.

Құжаттың негізгі мақсаты – ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақстандық тауарлардың Моңғолия нарығына шығуына қолайлы жағдай жасау.

Келісім аясында тараптар шектеулі тауарлар тізбесі бойынша еркін сауда режимін енгізу, импорттық кедендік баждарды төмендету немесе жою жөнінде тарифтік міндеттемелер алады. Сонымен қатар, 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім нормаларына сәйкес ұлттық режимді қолдану құқығы сақталады.

Құжатта техникалық реттеу, санитариялық және фитосанитариялық шараларды Дүниежүзілік сауда ұйымы талаптарына сәйкес жүзеге асыру міндеті де көзделген.

Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукованың айтуынша, келісім 367 тауар позициясы бойынша импорттық кедендік баждарды алып тастауды көздейді. Құжат үш жылға жасалып, автоматты түрде тағы үш жылға ұзартылады. Ал алғашқы үш жылдық кезең аяқталған соң тараптар толыққанды еркін сауда келісімін жасау жөнінде келіссөздерді бастайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп Вашингтонда салтанатты арканы ұшқышсыз ұшу аппараттары мен снайперлерді орналастыру үшін пайдалануды жоспарлап отыр

Вашингтонда салынуы жоспарланып отырған салтанатты аркада әскери мақсаттағы жабдықтар орнатылады, деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Чилидің экс-президенті Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күрестен бас тартады

Чилидің бұрынғы президенті Мишель Бачелет БҰҰ бас хатшысы қызметі үшін күресті тоқтататынын мәлімдеді.

Трамп ЖИ бойынша арнайы құрылымдар құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл саланың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді шешуге қатысу үшін «жасанды интеллект күштерін» — арнайы құрылым құратынын мәлімдеді.

КХДР шығыс бағытта тағы бір зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығының деректеріне сілтеме жасай отырып «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні КХДР армиясы Жапон теңізі бағытында тағы бір зымыран ұшырды.