Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті: елде парламенттік республика орнату жоспарда жоқ

Қазақстан Президенті: елде парламенттік республика орнату жоспарда жоқ

|

|

Астана, 11 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда басқару жүйесін парламенттік республика форматына көшіру жоспарда жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық әділеттің халықаралық форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

«Ашығын айтқанда, бұл реформа еліміздің саяси жүйесінің институционалдық негіздерін одан әрі нығайтуға бағытталған. Парламенттік республика орнату мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Біз ұстанып отырған негізгі қағидат – “Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет” формуласы өзгеріссіз қалады», – деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзін оның баспасөз қызметі таратты.

Тоқаев сондай-ақ елімізде бір палаталы парламент құру туралы ұсыныстың референдум арқылы қаралуы билік пен қоғам арасындағы ашықтық пен сабақтастық принципін айқындай түсетінін атап өтті.

«Мемлекет болашағына қатысты маңызды мәселелер бойынша тек ұжымдық әрі кеңінен қолдау тапқан шешімдер қабылдануы тиіс. Сондықтан мен барлық саяси жоспарларды алдын ала жариялап отырамын. Бұл ұстаным алдыңғы жылдардағы реформаларға да, атом электр станциясын салу жөніндегі референдумға да қатысты болды», – деді ол.

Еске салсақ, 9 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев қос палаталы Парламент орнына бір палаталы жүйе енгізу мүмкіндігін зерделеуді ұсынып, бұл мәселені 2027 жылы референдумға шығаруды жөн деп мәлімдеген еді.

«Бүгін мен елімізде болашақта бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтеріп отырмын. Мұндай маңызды реформаны талқылауға кемінде бір жыл қажет болады. Осыдан кейін 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізіп, Конституцияға тиісті өзгерістер енгізуге болады деп санаймын», – деді Президент Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...