Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда 450-ден астам мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр

Қазақстанда 450-ден астам мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр

|

|

Астана. 11 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономиканы либерализациялау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровтың есебін тыңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Омаровтың айтуынша, экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін азайту мақсатында Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офиспен бірлесе отырып, мемлекеттік қатысуы бар 450-ден астам кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру ұсынылған тізім дайындалған.

Сондай-ақ агенттік төрағасы негізгі тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, биржалық сауданың заңнама талаптарына және заманауи нарықтық жағдайларға сәйкестендірілгені айтылды.

«Қазіргі таңда елімізде нақты жұмыс істеп тұрған үш тауар биржасы ғана бар. Ал агенттікке осы салада мемлекеттік бақылау функциялары берілген кезеңде олардың саны 22 болған», – делінген баспасөз хабарламасында.

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекелестікті негізгі экономикалық салаларда дамыту, агенттік жүргізіп жатқан тергеп-тексерулерді жалғастыру және шағын және орта бизнестің мүддесін қорғау мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.