Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Қырғыз Республикасымен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялады

Қазақстан Қырғыз Республикасымен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялады

|

|

Астана. 21 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАНҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған заң өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және екі ел арасындағы саяси, әскери, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауылшаруашылығы, көлік-транзит, су-энергетика, білім беру, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы кешенді әріптестікті дамытуға бағытталған.

Құжатта тараптар парламенттер арасындағы байланыстарды, оның ішінде Ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық кеңес аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытып, нығайтуға ниетті екені көрсетілген.

Сонымен қатар, тараптар қауіпсіздік саласындағы жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесе қарсы тұру бағытында ынтымақтастықты кеңейтіп, тереңдете түсуге келісті. Атап айтқанда, терроризмге, экстремизмге, сепаратизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, киберқылмысқа, заңсызкөші-қонға, адам саудасына, қару-жарақтың, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте өзара іс-қимыл жалғасатын болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.