Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан сиыр етін экспорттаушыларға қойылатын талаптарды жеңілдетеді

Қазақстан сиыр етін экспорттаушыларға қойылатын талаптарды жеңілдетеді

|

|

Астана. 6 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан сиыр етін экспорттауға құқық алу үшін қойылатын талаптарды жеңілдетеді. Бұл туралы ел Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша сиыр етін экспорттаушылар үшін квота алу талаптары жұмсартылады.
Үкіметтің түсіндіруінше, қолданыстағы квота бөлу тетігі бірқатар талаптарды қамтиды. Атап айтқанда, экспорттаушыда кемінде 5 мың басқа арналған жеке бордақылау алаңы және өзіне тиесілі ет комбинаты болуы тиіс.
Үкімет бекіткен мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары ірі қара мал санын 7,9 млн бастан 12 млн басқа дейін ұлғайтуды, сондай-ақ қазақстандық сиыр етінің экспорттық әлеуетін кеңейтіп, жаңа нарықтарға шығуды көздейді.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі квоталарды бөлу ережелеріне тиісті өзгерістер енгізеді», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар аналық мал басын сақтау және қазақстандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын, сондай-ақ бұқашықтарды Қазақстаннан, оның ішінде ЕАЭО елдеріне шығаруға қойылған тыйымның мерзімі ұзартылмақ.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне ет экспорттау квоталарын бөлу ережелері күшіне енген. Бұл норма 2026 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады. Ірі қара еті экспортына арналған жалпы квота көлемі 20 мың тонна деңгейінде белгіленген.
Ережелерге сәйкес, бір экспорттаушыға берілетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуатына байланысты анықталады:
•5 мың басқа дейін – 1 мың тоннаға дейін;
•10 мың басқа дейін – 2 мың тоннаға дейін;
•15 мың басқа дейін – 3 мың тоннаға дейін;
•20 мың басқа дейін – 4 мың тоннаға дейін;
•50 мың басқа дейін – 10 мың тоннаға дейін.
Квота жеке немесе келісімшарт негізінде өсірілген малды пайдалана отырып, ет өңдеу кәсіпорындарында өндірілген ірі қара етіне бөлінеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

ЕО елдері одақты кеңейту үдерісін жандандыру жолдарын талқылауда

Жұма күні Дублинде өтіп жатқан ЕО-ның Жалпы мәселелер жөніндегі бейресми кеңесінде одақты кеңейту үдерісінде қалыптасқан тоқыраудан шығу жолдары бірнеше айдан бері алғаш рет кеңінен талқыланып жатыр, деп жазды Politico.

Әлемдік нарықта азық-түлік бағасы өсті

Әлемдік азық-түлік бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ай сайынғы шолуында айтылған.

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.