Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан теңгерімді және сындарлы сыртқы саясатты жалғастырады

Қазақстан теңгерімді және сындарлы сыртқы саясатты жалғастырады

|

|

Астана. 24 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН.
Қазақстан теңгерімді және сындарлы сыртқы саясат жүргізу бағытын жалғастырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Қазіргі әлем түбегейлі жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Бір жағынан, қақтығыс мен соғыстар тоқтамай тұр, екінші жағынан, жоғары технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Осындай күрделі ахуалға қарамастан, еліміз тұрақты дамуын жалғастырып келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан бүгінде барлық мемлекеттермен достық әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатқан ел ретінде танылып отыр. «Біздің мемлекет сенімді әріптес ретінде мойындалды. Соның нәтижесінде біз энергетика, көлік, логистика, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы және өзге де салаларға ірі инвестициялар тартып отырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның сөзінше, қазіргі күрделі геосаяси жағдайда байыпты дипломатияға негізделген сыртқы саясаттың маңызы ерекше. «Барлық мемлекеттер өзара тіл табысып, ымыраға келуді үйренуі қажет деп санаймыз. Сенім мен өзара құрметті нығайтып, әріптестік қатынастарды дамыту маңызды», – деді Президент.

Мемлекет басшысы әділетке негізделген халықаралық қатынастар жүйесін қалыптастырудың маңызын атап өтіп, былай деді: «Әлемде барлық елдің мүддесін ескеретін әділ халықаралық тәртіп орнауы тиіс. Қазақстан жауапты әрі ықпалды мемлекет ретінде теңгерімді және сындарлы сыртқы саясат ұстанымын жалғастыра береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ауғанстан мен Пәкістан делегациялары Стамбулда екі ел арасындағы дағдарысты реттеу жолдарын талқылауда

Ауғанстан мен Пәкістан билігінің өкілдері сенбі күні Стамбулда кездесіп, екі ел арасындағы шекаралық дағдарысты еңсеру және 19 қазанда Дохада келісілген атысты тоқтату режимін сақтау мүмкіндіктерін талқылап жатыр.

Қазақстан Президенті Республика күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Республика күнімен құттықтады. Құттықтау мәтінін Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратты.

Путин: Мәскеу мен Астана стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтады деп сенемін

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ұлттық мереке — Республика күніне орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда жыл басынан бері экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адам ұсталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.